Тұрғын үй көмегін тағайындау секторы
2022 жылға жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегіне 31,2 млн. теңге қаражат бөлінді.
Жыл басынан 650 отбасына (722 адамға) тұрғын үй көмегі 10,7 млн. теңге тағайындалды, өткен жылмен салыстырғанда 27,8 %-ға кем қамтылған (2021 жылы 900 отбасы бойынша 969 адамға 10,1млн. теңге).
Тұрғын үй көмегін алушы отбасылардың жалпы санының ішінен 36 отбасына (38 адамға) 280,2 тыс. теңге «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде өтемақы төленді, өткен жылмен салыстырғанда 9% (33 отбасы) артык қамтылған.
Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу секторы
2022 жылы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға 569 250,0 мың теңге (жергілікті бюджеттен 78 630,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 490 620,0 мың теңге) бөлінді.
2022 жылдың жартыжылдығына атаулы әлеуметтік көмек 1000 отбасына (4 754 адам), оның ішінде көпбалалы 347 отбасы (2 196 адам) тағайындалды және 221 997,6 мың теңге төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтама (КӘТ) ұсыну үшін республикалық бюджеттен 188 842,0 мың теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың І тоқсанына 1176 балаға 3 332 дана азық- түлік топтамасы және 1176 дана гигиеналық құралдар ұсынылды, жұмсалған қаражат 32 818,2 мың теңге.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 2022 жылы жергілікті бюджеттен 28 903,0 мың теңге бөлінді.
2022 жылдың жартыжылдығына 247 отбасыға (253 мүгедек балаға) тағайындалып 18 023,0 мың теңге төленді.
Мүгедектерді және ардагерлерді әлеуметтік қорғау секторы
Орал қаласы соның ішінде: Желаев селолық округі, Зашаған, Круглоозерный, Деркөл кенттері бойынша тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлер саны:
18 адам: ҰОС қатысушылары -14 адам, ҰОС мүгедектері –4 адам.
ҰОС қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілгендер саны 1715 адам болса, оның ішінде: ҰОС қатысушыларына теңестірілгендері – 25 адам, Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде 6 ай тылда жұмыс істеген адамдар– 1690 адам.
Жалпы аурулықтарына байланысты 9260 мүгедектер бар: І топ – 1099 адам, ІІ топ – 3391 адам, ІІІ топ – 3090 адам және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 531 бала, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 1149 бала (01.07.2021 жылы: жалпы аурулықтарына байланысты 8620 мүгедектер бар: І топ – 999 адам, ІІ топ – 3322 адам, ІІІ топ – 2826 адам және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 1328 адам,16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 145 адам.). 01.07.2021 жылмен салыстырсақ, мүгедектердің саны 275 адамға немесе 4%-ға ұлғайды.
Сектор ҚР «ҚР мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес ОЖБ негізінде мүгедектігі бар адамдарға 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Келісімшарт бойынша 877 мүгедекке қызмет көрсетіледі).
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 0,1%-ға немесе 5 адамға кеміген.
Салыстырма кесте
|
01.07.2021жыл |
01.07.2022 жыл |
||||
|
Қамтылған мүгедектер |
Жеке көмекшілер |
Игерілген қаражат |
Қамтылған мүгедектер |
Жеке көмекшілер |
Игерілген қаражат млн.тг |
|
882 |
881 |
282,0 |
877 |
855 |
328,0 |
Келісімшарт бойынша 215 мүгедекке 28 ымдау тілі мамандары жұмыс жасауда.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 12%-ға немесе 23 адамға ұлғайған.
Салыстырма кесте
|
01.07.2021жыл |
01.07.2022 жыл |
||||
|
Қамтылған мүгедектер |
Ымдау тілі маманы |
Игерілген қаражат |
Қамтылған мүгедектер |
Ымдау тілі маманы |
Игерілген қаражат млн.тг |
|
192 |
28 |
26,0 |
215 |
28 |
28,6 |
Жыл басынан Протез-ортопедиялық құралдарға жолыққандар саны (балдақ, корсет, ортопедиялық аяқ-киім, таяқ, арба, протездер т.б.) 399 адам өтініш тапсырды, 160 адам қамтылды.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 13%-ға немесе 64 адамға ұлғайды.
Протездік-ортопедиялық құралдардың мүгедектерге қажеттілігі және орындалғаны туралы салыстырма кесте
|
01.07.2021жыл |
01.07.2022 жыл |
|||||
|
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
|
|
463 |
31 |
7 |
399 |
160 |
40 |
|
Тифлотехникалық құралдарды (тифло-магнитола, тифло-плеер, диктофон, тифлотаяқ, сағат) 100 адам өтініш тапсырды, 71 адам қамтылды.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 35%-ға немесе 55 адамға азайды.
Тифлотехникалық құралдармен қамтудың салыстырмалы кесте
|
01.07.2021жыл |
01.07.2022 жыл |
||||
|
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
|
155 |
103 |
66 |
100 |
71 |
71 |
Сурдотехникалық құралдарға (видеокомпьютерлерді, мобильдік телефондарды, вибрсағаттарды, телефакстарды, көпфункционалды жүйелерді) 70 адамға өтініш тіркелді, 39 адам қамтылды.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 17%-ға немесе 17 адамға азайды.
Сурдотехникалық құралдармен қамтудың салыстырмалы кестесі
|
01.07.2021жыл |
01.07.2022 жыл |
||||
|
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
|
97 |
36 |
37 |
70 |
39 |
55 |
Жыл басынан міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектердің саны 728 адам, 590 адам қамтылды.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 18%-ға немесе 112 адамға ұлғайды.
Салыстырма кесте млн. теңге
|
01.07.2021 жыл |
01.07.2022 жыл |
||||||
|
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
қаражат |
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
қаражат |
|
616 |
489 |
79 |
21,2 |
728 |
590 |
81 |
57,3 |
5) «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»
Жыл басынан кресло-арбаға 198 адам өтініш тапсырды, 137 адам қамтылды (197 кресло-арба).
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 27%-ға немесе 43 адамға ұлғайды.
Кресло-арбаға мұқтаж және қамтылғандар туралы салыстырма кестесі
|
01.07.2021 жыл |
01.07.2022 жыл |
||||
|
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
|
155 |
65 |
42 |
198 |
137 |
69 |
6)«Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»: Жыл басынан есепке тіркеліп құжаттарын тапсырған адамдардың саны 820 адам – өтініш тапсырды,162 адам қамтылды.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 8%-ға немесе 62 адамға ұлғайды.
Салыстырма кесте
|
01.07.2021 жыл |
01.07.2022 жыл |
||||
|
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
|
758 |
244 |
32 |
820 |
162 |
19 |
Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көліктік инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша: 2012 жылдан 2018 жылға дейін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 307 паспорттаудан өткізілді. 307 объекті «Қолжетімділіктің интерактивтік картасы» республикалық базасына Орал қаласы бойынша енгізілді, оның ішінде 191 нысанды бейімделген нысандарға жатқызуға болады.
Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 471 аялдама пункті бар, олардың ішінде 228 аялдама павильонымен және шағын дүкендермен жабдықталған, оның ішінде 115 аялдама павильоны мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып жабдықталған.
Қалалық маршруттық автобустар саны резервтегі автобустарды қосқанда 640 бірлікті құрайды. Олардың ішінде 60 бірлігі мүгедек жолаушыларды отырғызу және түсіру құрылғыларымен жабдықталған, 40 бірлігі аялдамаға келу, кету уақытын және аялдаманы хабарлайтын дыбыстық ақпараттық табломен жабдықталған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың стажын анықтау:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 «Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 01.07.2022 жылға 16 арыз түсті, 10 арыз орындалды 6 арыз жұмыста (01.07.2021 жылы 9 арыз түсті, 6 арыз орындалды)
«Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» стандарты бойынша
2020 жылғы 12 ақпандағы № 40-8 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, 2022 жылы 491,6 млн.теңге бөлініп, 2022 жылғы 1 шілде айына 468,5 мың.теңге игерілді.
Ай сайын:
Атаулы, мерекелік күндерге Жеңіс күніне 9 мамыр:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1000,0 мың теңге көлемінде – 17 адамға 17000,0 тыс. теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді.);
– ҰОС кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының тұтқындарына, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға , ерікті жалдама құрамаларының адамдарға 120,0 мың теңге мөлшерінде – 8 адамға 960,0 мың. теңге төленді;
- Чернобыль АЭС-індегі апаттан, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған және қатысқан адамдар – 100,0 мың.теңгеден 180 адамға 18000,0 мың. теңге;
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күні - 15 ақпан және 9 мамырға:
- Ауғанстан аумағында әскери борышын орындау кезінде мүгедек болған қатысушылар мен тұлғаларға 100,0 мың теңгеден 454 адамға 45400,0 мың. теңге және 80,0 мың тенгеден 36160,0 мың тенге төленді;
- Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың, ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 5 адамға - 60,0 мың теңгеден 600,0 мың.теңге төленді.
Ай сайынғы әлеуметтік көмек:
Қалалық азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем төлеу жөнiндегi комиссияның шешiмi бойынша материалдық көмек:
- онкологиялық және басқа ауруына шалдыққандардың емделуiне табысын есепке алмай 15 АЕК (45945 тенге) 3006 адамға жалпы соммасы 138156,5 мың.теңге төленді;
- табысын есепке алғанда күнкөріске 340 адамға жалпы соммасы 15249,7 мың теңге төленді,
- жерлеуге табысын есепке алғанда 15 АЕК 5 адамға жалпы 229,7 мың.тенге,
- өрт болған жағдайда – 4 адамға 612,6 мың тенге;
- табысын есепке алмай босатылған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайға түскен табыстарын есепке алмай 10 АЕК (30630 тенге) мөлшерінде - 72 адамға 2196,5 мың. теңге;
- табысын есепке алмай «90 жыл» жасына байланысты, – 176 адам жалпы соммасы – 8086,3 мың теңге ;
- табысын есепке алмай табысын есепке алмай мүгедек балаларға 1030 адамға жалпы құны 47227,1 мың теңге
- табысын есепке алмай санаториялық-курорттық емделу үшін 8 адамға 730,8 мың.теңге төленді;
- мүгедектерге жеке оңалту бағдарл. сәйкес санат. емге бар-н жол шығындарын өтеу үшін, билеттердің құны мөлшерінде 92 адамға 1072,2 мын.теңге;
- он бес жастан он сегіз жасқа дейінгі әлеуметтік жағдайы төмен шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алушы отбасыларының балаларына қоғамдық көлікпен (таксиден басқа) жол жүруге оқу жылы ішінде 1 АЕК мөлшерінде – 90 адамға – 735,1 мың.теңге төленді.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетулер секторы
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша маусым айында 18 адам жолықты, оның ішінде зейнеткерлер - 17, мүгедектігі бар адам- 1. Жыл басынан аталған қызмет көрсету бойынша 93 адам қызмет алып жатыр.
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетуі бойынша маусым айында 14 адам құжаттарын тапсырды (7 – мүгедектігі бар адам, 7- мүгедектігі бар бала). Жыл басынан аталған қызмет бойынша 77 адамнан өтініш түсті (11 - зейнеткер, 22- мүгедектігі бар адам, 44- мүгедектігі бар бала. 1-бас тарту өтініш иесінің жазба түрде өз еркімен).
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттiк қызметі Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сай жүргізілуде. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу және есепке алу, бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақысын төлеп, куәлігін беру болып табылады. Маусым айында 8 адам бөлімге құжаттарын тапсырды, өтініштері қанағаттандырылды. 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында 31 өтініш қарастырылды.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық тағайындау органына 2022 жылдың 6 айында 56 өтініш түсті, бәрі де оңтайлы шешімін тапты.
Еңбек нарығын сараптау және мониторинг секторы
2022 жылдың 1 шілдесіне Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесімен 4 758 адам жолықты(оның 1903 жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемақы алуға өтініш білдірді), оның «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында (әрі қарай – Ұлттық жоба) аясында 1434 адам мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. Есепті мерзімнің аяғында жұмыссыз ретінде 2 807 адам тіркеуде тұр.
Бүгінгі күнге халықты жұмыспен қамту орталығына 831 тұрақты жұмыс орындарына сұраныс бар.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 2022 жылы республикалық бюджеттен 50 адамға 13 268 мың теңге бөлінді, нақты 36 адам (72%) жолданылды және 3 749 мың теңге игерілді.
Жыл басында жолданылған жұмыссыз азаматтардың 8 мерзімнен бұрын жұмыстарын аяқтаған болатын, оның 4 немесе 50 пайызы тұрақты жұмысқа орналастырылды (денсаулығына байланысты 1 адам есептен шығарылды, 1 адам бастау бизнес жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолдама ниет білдіріп оқуды күтуде және қалған 2 адаммен тұрақты жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде).
Жастар практикасын ұйымдастыру үшін 314 адамға 174 816 мың теңге (100 адамға жергілікті бюджет есебінен 45 510 мың теңге, республикалық бюджет есебінен 100 адамға 45 945 мың теңге және Нацфондтан 114 адамға 83 361 мың теңге) бөлінді, нақты 57 адам (18%) жолданылды және 42 950 мың теңге игерілді (жергілікті бюджет есебінен 3 950 мың теңге және республикалық бюджет есебінен 39 000 мың теңге).
2022 жылы жолдама алған азаматтардың ішінен 11 адам мерзімнен бұрын жұмысты тоқтатты, оның: 1 немесе 9,1 пайызы тұрақты жұмысқа орналастырылды (6 адам есептен шығарылды, 4 адам бойынша тұрақты жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде).
Қоғамдық жұмыс орындарына ұйымдастыру үшін 427 адамға 219 224 мың теңге (202 адамға жергілікті бюджет есебінен 106 734 мың теңге, республикалық бюджет есебінен 25 адамға 15 935 мың теңге және Нацфондтан 200 адамға 95 555 мың теңге) бөлінді, нақты 317 адам (74%) жолданылды және 61 683 мың теңге игерілді (жергілікті бюджет есебінен 58 087 мың теңге және республикалық бюджет есебінен 3 596 мың теңге).
Жыл басында жолданылған жұмыссыз азаматтардың 30 қоғамдық жұмыстардан босатылды, оның: 6 немесе 20 пайызы тұрақты жұмысқа орналастырылды (11 мерзімнен бұрын жұмыстарын аяқтауына байланысты есептен шығарылды, 3 адам зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты және қалған 10 адаммен тұрақты жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде).
2022 жылы жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 45 адамды оқытуға жоспарланды. Бүгінгі күні жұмыс берушілерден өтімдер қабылдау жұмыстары жүріп жатыр (6 жұмыс берушіден 74 адамға тігінші, пішуші, дизайнер, слесарь-сантехник және электрогазбендәнекерлеуші мамандықтарына өтініш түсті).
Жұмыс берушілерден өтінімдер маусым айының ортасында түсуіне және оқу орталықтарымен келісім шарт жасақтау мемлекеттік сатып алу тәсілімен жүзеге асырылуына байланысты қысқа мерзімді оқу курстарына жолдау шілде айынан бастау жоспарлануда.
Алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша 2022 жылы 17 адамға 19 284 мың теңге Нацфондтан бөлінді, нақты 5 адамға жолдама берілді.
Күміс жас жобалары бойынша жыл басында қаражат бөлінбеді. Тек маусым айында 38 адамға 43 103 мың Нацфонд есебінен қаражат бөлінді.
Алайда, жұмыс берушілер аталған жобаға қатысуға қызығушылық білдіртпей өтінім түскен жоқ.
Халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында іске асырылатын «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орын», «Ұрпақтар келісімшарты», «Әлеуметтік жұмыс орын», «Жастар практикасы» және «Қоғамдық жұмыстар» мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында іс-шаралар атқарылуда.
Орал қаласының жұмыс берушілеріне бағдарлама туралы түсіндірме хаттар жолданып, орталық директорының бастамасымен мекемелерде және орталықта жұмыс берушілермен әр жұма күні кездесулер ұйымдастырылып келеді. Аталған шараға 42 жұмыс беруші қатысты. Әрі қарай жалғасын табатын болады.
2022 жылға Орал қаласы бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде100 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Оның ішінде: 29 жасқа дейінгі жастарға грант беру жоспары 33 адам және осал топқа жататын санаттағы (аз қамтылған отбасы мүшелері – атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасылар – көп балалы жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар және мүгедектер) азаматтарға грант беру жоспары 67 адам.
2022 жылдың 22 сәуір күні онлайн түскен үміткерлердің өтінімдерін қарау үшін комиссия отырысы ұйымдастырылған болатын. Комиссия отырысының қорытындысымен 16 үміткердің ішінен 7 үміткердің бизнес жоспары мақұлданып, 9 үміткерге қолдаудан бас тарту туралы (үміткерлер тарапынан бизнес жобасын қорғай алмауы, бизнес жобасынан хабары болмауы, жобасын орналастыратын орындарының нақты білмеуі, т.б. себептерге орай) шешім шығарылды.
Жұмыс беруші мәлімдеген бос жұмыс орындарына 1012 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ
2022 жылдың 6 айында 182 адам көмекке адам жүгінген, өткен жылмен салыстырғанда 1 % артық (өткен жылдың 6 айында – 180 адам), оның ішінде 75-і орталықты паналады (25-әйел, 50-бала) өткен жылмен салыстырғанда 21 % артық (өткен жылдың 6 айында – 62 адам, 20-әйел 42-бала). Оның 25-і ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің жолдамасымен келген. Көмекке 107 адам жүгінді, оның ішінде 40-не психологиялық, 42-не құқықтық, 25-не әлеуметтік кеңестер берілді, оның ішінде 54 адамға телефон арқылы көмек көрсетілді.
Психологиялық көмекке жүгінген 40 адамға психологиялық диагностика жұмыстар жүргізілді.
Құқықтық көмекке жүгінген 42 адамға келесі бағыттар бойынша құқықтық кеңестер берілді: 6-алимент өндіру, 8-ажырасу, 11-отбасылық кикілжің, 11- мүлік бөлісу, өзге де сұрақтар – 6, бойынша көмек алды. 25 адамға әлеуметтік кеңес берілді.
Жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмаған балалар қызмет алу үшін жүгінбеді.
2022 жылдың 6 айына «Отбасы» орталығына 1099 кеңес алушы келді. Психологқа 81 адам, әлеуметтік маманға 884 адам, 134 адамға заңгерлік кеңес берілді. Орталық тәрбиешісі ата-аналармен келген 362 баламен жұмыстанды.
Қазіргі таңда орталық мамандары egov сайты арқылы 561 адамға түрлі қызмет түрін көрсетті. Жалпы жыл басынан 134 адамға материалдық көмек көрсетілді, 15 шеберлік сағаты ұйымдастырылды, оған 102 ана қатысты.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» КММ
2022 жылдың 1 қаңтарында тұрып жатырғаны 50 адам болды ( 2021 жылдың 1 қаңтарында тұрып жатырғаны 57 адам)
2022 жылдың 30 маусымына дейін 47 адам қабылданды, (14,6 %-ға артық) (2021 жылдың 30 маусымына дейін қабылданғаны 41 адам).
2022 жылдың 30 маусымына дейін 97 қызмет алушының 19-і әйел адам (19,6%), 78-ы ер адам (80,4 %), (2021 жылдың 30 маусымына дейін 98қызмет алушының 20-і әйел адам ( 20,4%), 78-ы ер адам ( 79,6%).
2022 жылдың 30 маусымына дейін барлығы 97 қызмет алушының – 30 (30,9%) соттылығы бар, оның 5-уі пробация қызметінің есебінде (16,7%). (2021 жылы 30 маусымына дейін 98 қызмет алушының 31-нің (31,6%) соттылығы бар, оның пробация қызметінің есебінде тұрған адам жоқ). 2022 жылдың 30 маусымына дейін 13 қызмет алушының ( 27,8% кем, 2021 жылы-18 адам). құжаттары қалпына келтірілді, 29 адам орталықтың тіркеуіне алынды. 22 адамға электрондық сандық қолтаңба, 8 адамға оңалтудың жеке бағдарламасы , 11 адамға зейнеткерлік пен мүгедектік алу куәлігі жасалынды.
2022 жылдың 30 маусымына дейін жасына байланысты зейнеткерлік тағайындалғаны – 3 адам, 40% кем (2021 жылы –5 адам ).
2022 жылдың 30 маусымына дейін мүгедектік тағайындалғаны – 3. (50% артық 2021 жылы мүгедектік тағайындалғаны–2.
2022 жылдың 30 маусымына дейін қарттар үйіне орналасқаны – 16 (77, 8 % артық, 2021 жылы– 9 адам ).
2022 жылдың 31 маусымына дейін 3 адам жұмысқа орналасып, жалдамалы пәтерге орналасты.
2022 жылдың 30 маусымына дейін жұмысқа орналасқаны - 28 адам ( 75% -ға артык (2021 жылы жұмысқа орналасқаны-16 адам), соның ішінде 2022 жылы тұрақты –13 адам, (2021 жылытұрақты - 7 адам (85,7% артық), уақытша - 15 адам (66,7 % (2021жылы уақытша - 9 адам).
2022 жылдың 30 маусымына дейін тұрып жатырғаны 31 адам. ( 3,1% кем) (2021 жылы 30 маусымына дейін - 32 адам). Соның ішінде туберкулезге қарсы диспансерге 1 қызмет алушы денсаулығына байланысты жолданды.
Түнектегі адамдар тәуліктің түнгі уақытында жазғы мезгілінде сағат 21 - ден 9 - ға дейін, қысқы мезгілінде сағат 18 - ден 10 - ға дейін бола алады. 6 ай ішінде 162 адамға қызмет көрсетілді. (2021 жылдың 30 маусымына дейін тәуліктің түнгі уақытында уақытша болу ұйымында 158 адамға қызмет көрсетті).
2022 жылдың 30 маусымына дейін ұтқыр әлеуметтік патруль 148адамға қызмет көрсетті. (2021 жылы 147адамға қызмет көрсетті).
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ
Жыл басынан бастап денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесе отырып 95 адамға жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде арнайы әлеуметтік қызметтер тағайындалды. Олардың ішінде жалғызбасты қариялар мен I-II топ мүгедектері бөлімшесіндегі қызмет алушылар саны - 88, мүмкіндігі шектеулі балалар - 6, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар– 1.
Жыл басынан бері әр түрлі себептермен (өз өтініші бойынша, басқа елді мекенге көшуіне, қайтыс болуына байланысты т.б.) бөлімшенің есебінен 84 адам шығарылды. Жалғызбасты қариялар мен I-II топ мүгедектері - 75, мүмкіндігі шектеулі балалар-9, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар-0.
Қазіргі таңда 2022 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша мекемеде үйде қызмет алушылардың жалпы саны – 876 адам.
Атап айтсақ:
- Жалғызбасты қариялар - 759 (соның ішінде қариялар – 729, мүгедектер - 30); (Осыдан әртүрлі санаттағы адамдар: Ұлы Отан соғысының ардагері – 2, Ұлы Отан соғысының мүгедегі – 0, Ұлы Отан соғысына қатысушының жесірі – 9, тыл қызметкерлері – 141, зейнеткерлер- 577).
- Мүмкіндігі шектеулі балалар - 77; (соның ішінде сал ауруына шалдыққан балалар – 39, психоневрологиялық ауруы бар балалар- 38)
- Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар – 40.
Жыл басынан бастап денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесе отырып күндізгі жартылай стационарлық бөлімшесінде 14 адамға жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде арнайы әлеуметтік қызметтер тағайындалды.
Жыл басынан бері әртүрлі себептермен (өз өтініші бойынша, басқа елді мекенге көшуіне, қайтыс болуына байланысты т.б.) күндізгі жартылай стационарлық бөлімшесі есебінен 12 адам шығарылды.
Қазіргі таңда 2022 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша мекемеде күндізгі жартылай стационарлық бөлімде 43 адам қызмет алады.