Бүгін қаламыздағы 99250 әскери бөлімінің көмегімен Көктем шағынауданындағы арық жүйелері қардан тазартылды. Бұл жұмысқа барлығы 60-қа жуық сарбаз жұмылдырылды.
Зашаған кенті аумағында арық жүйесінің жалпы ұзындығы 37 шақырымды құрайды. Қазігі таңда оның 30 шақырымы толықтай қардан тазартылған.
Жалпы кент аумағындағы қар шығару, арықтарды тазалау, су құбырларын қардан тазарту жұмысымен «Жайық Таза қала» ЖШС айналысады. Екі ауысымда күніне 40-тан астам техника, 9 бригада жұмыс жасауда. Кент аумағынан осы уақытқа дейін 100 мың текше метрден астам қар шығарылған.