Жиі қойылатын сұрақтар
Қоғамдық көлікте қаулымен бекітілген санаттағы адамдар жеңілдікпен және тегін жүре алады.
| Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру Орал қаласының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін: 1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге; 2) 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға; 3) бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға; 4) 7 (жеті) жасқа дейінгі балалар; 5) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар. 2. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тариф құнының 50 (елу) пайызы көлемінде жеңілдетілген Орал қаласының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін: 1) Мектеп тарифі – 7 (жеті) жастан 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балалар тарифтің 50 (елу) пайызы мөлшерінде жол жүру құқығы немесе қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) теңге, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге; 2) Мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүргендерге– тарифтің 50 (елу) пайызы немесе қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) теңгені, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңгемен жол жүру құқығына ие болу; 3) зейнеткерлер үшін – қолма-қол ақшасыз төлем кезінде тарифтің 50 (елу) пайызы немесе 50 (елу) теңге мөлшерінде жол жүру құқығы, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге; 4) Есту қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдар үшін – қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) пайызы немесе 50 (елу) теңге, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге;Стандартты карта-тариф 100 теңге. «Зейнеткерлер үшін» төлемдік картасының бағасы-800 тг. Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге беріледі,картамен жүру ақысы 50тг. Сатып алу үшін зейнет кітапшасы жəне жеке куəлігі болуы қажет. «Оқушы» төлемдік картасының бағасы-800 тг. 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға картамен жүру ақысы 50тг. Сатып алу үшін баланың туу туралы куəлігі болуы қажет. 1 топ мүгедектеріне келесі құжаттарды тапсыру қажет: •Жеке куəлік; •Мүгедектік туралы анықтама; •ЖДБ (жеке даму бағдарламасы); •Қазак соқырлар қоғамы мүшеснің куəлігі. 16 жасқа дейінгі мугедек балаларға: • Туу туралы куəлік; • Мүгедектік туралы анықтама. Ұлы Отан Соғысы ардагерлері үшін: • Жеке куəлік; • Соғыс ардагері екенін растайтын құжат. Марапатталған көпбалалы аналарға: • жеке куəлік; • марапатты (орденді) растаушы құжат. |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 2780 және Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-8 бірлескен қаулысы мен шешімі
Меншік иелері бірлестігін (МИБ), қарапайым серіктестікті (ҚС), немесе тікелей бірлесіп басқаруды (ТББ) құру үшін үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізу, МИБ, ҚС немесе ТББ құру туралы шешім қабылдау қажет. Тікелей бірлесіп басқаруды құру үшін барлық меншік иелерінің келісімі қажет, бұл жиналыс хаттамасымен расталуы тиіс.
Жиналыстың қорытындыларын рәсімдеп, МИБ-ті заңды тұлға ретінде тіркеу және тұрғындарды құру туралы хабардар ету керек. ҚС және ТББ заңды тұлға болып табылмайды.
Қарапайым серіктестікті құру үшін тіркеу талап етілмейді. Қарапайым серіктестік туралы шарт жасасу жеткілікті, онда қатысушылардың мақсаттары, құқықтары мен міндеттері көрсетіледі және шарт барлық тараптармен қол қойылып бекітіледі. Қарапайым серіктестік – бұл бірлескен қызмет туралы келісім және заңды тұлға болып табылмайды
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум нысанын басқару, оны ұстауды қаржыландыру және кондоминиум нысанының ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында басқарудың келесі нысандарының бірін таңдауға міндетті:
1. мүлікиелерініңбірлестігі;
2. егерпәтерлердің, тұрғынемесүй-жайлардыңменшікиелерінің саны отызданаспаса, көппәтерлітұрғынүйдіңқарапайымсеріктестігі (қарапайымсеріктестік);
3. егерпәтерлердің, тұрғынемесүй-жайлардыңменшікиелерінің саны он алтыданаспаса, барлықменшікиелеріментікелейбірлесіпбасқару.
Меншік иелері бірлестігін (МИБ), қарапайым серіктестікті (ҚС), немесе тікелей бірлесіп басқаруды (ТББ) құру үшін үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізу, МИБ, ҚС немесе ТББ құру туралы шешім қабылдау қажет.
Жиналыстың қорытындыларын рәсімдеп, МИБ-ті заңды тұлға ретінде тіркеу және тұрғындарды құру туралы хабардар ету керек. ҚС және ТББ заңды тұлға болып табылмайды.
Қарапайым серіктестікті құру үшін тіркеу талап етілмейді. Қарапайым серіктестік туралы шарт жасасу жеткілікті, онда қатысушылардың мақсаттары, құқықтары мен міндеттері көрсетіледі және шарт барлық тараптармен қол қойылып бекітіледі. Қарапайым серіктестік – бұл бірлескен қызмет туралы келісім және заңды тұлға болып табылмайды.
Тікелей бірлесіп басқаруды құру үшін барлық меншік иелерінің келісімі қажет, бұл жиналыс хаттамасымен расталуы тиіс.
Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің кемінде 10%-ынан тұратын бастамашыл топ жиналыс өткізу туралы бастама көтереді.
• Бастамашыл топ жиналыс шақыру туралы хабарламаны үлгілік формаға сәйкес ресімдеп, оны жиналыс күнінен кемінде 10 күн бұрын көпшілікке қолжетімді орындарға орналастырады.
• Жиналыс меншік иелерінің жартысынан астамы (2/3 дауыс) қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі, және шешімдер дауыс бергендардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Жиналыста келесі мәселелер қаралады:
• Жиналысхатшысысайланады;
• Жиналыстөрағасысайланады;
• Үйкеңесі 3 жылмерзімгесайланады (1–3 адам);
• Тексерукомиссиясы (ревизор) сайланады (1–3 адам);
• Үйдібасқаруформасытаңдалады;
• ТөрағанемесеСенімдітұлғасайланады;
• ОСИ Жарғысыбекітіледі;
• Тариф мөлшерібекітіледі.
Тексеру комиссиясы қаржылық қызметті бақылау үшін сайланады.
Тексеру комиссиясының мүшелері (ревизорлар) меншік иелерінің бірлестігі төрағасының, қарапайым серіктестіктің сенімді өкілі немесе үй кеңесінің мүшелерінің отбасылары мүшелері бола алмайды.
Тексеру комиссиясы (ревизор) үш жыл мерзімге сайланады және кондоминиум нысанын басқару мен ортақ мүлікті ұстау бойынша басқа қызметтерді атқара алмайды.
Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста меншік иелерінің арасынан кемінде үш адамнан тұратын үй кеңесін сайлайды.
Үй кеңесінің мүшелері меншік иелерінің бірлестігі төрағасының отбасы мүшелері, қарапайым серіктестіктің сенімді тұлғасы немесе тексеру комиссиясының (ревизордың) мүшелері бола алмайды.
Үй кеңесі кондоминиум нысанын басқару және кондоминиум нысанының ортақ мүлкін ұстау мәселелері бойынша пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің мүддесін білдіреді.
Міндетті құжаттар пакеті — өтініш, жиналыс хаттамасы, ОСИ жарғысы (немесе үлгілік жарғы), мемлекеттік баж алымының төленгені туралы құжат — заңды тұлға ретінде тіркеу үшін ХҚО-ға тапсырылуы керек.
ОСИ жарғысы мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада рәсімделуі тиіс.
Мемлекеттік баж алымы — 1 АЕК.
МИБ-і тіркеу қызметінің көрсетілу мерзімі – 7 жұмыс күніне дейін.
ХҚО арқылы өтініш берген жағдайда, мерзім – құжаттар қабылданған күнді қоспағанда, 3 жұмыс күні.
E-gov порталы арқылы өтініш берген жағдайда, мемлекеттік баж алымының төленгені расталған күннен бастап 1 жұмыс күні есептеледі.
МИБ тіркеуден бас тарту себептері:
• Өтініштердің дұрыс толтырылмауы;
• Құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі;
• Құжаттардағы рұқсат етілмеген кез келген түзетулер тіркеуден бас тарту себебі болуы мүмкін;
• ОСИ құруға меншік иелерінің жеткілікті дауысы жиналмаған жағдайда тіркеу бас тартылады;
• Таңдалған жиналыс төрағасы меншік иесі болмаса, тіркеу бас тартылады.
Сілтеме НҚА:
Тұрғын үй қатынастары туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы.
Ағаштарды кесуге рұқсатты алу үшін egov.kz порталы арқылы өтінім беру қажет.
Ағаштарды кесуге рұқсат келесі жағдайларда талап етіледі: егер ағаштар қоғамдық аумақтарда, құрылыс кезінде, қайта жаңарту немесе абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында кесілуі қажет болса.
Іс-қимыл тәртібі
1. Сіздің жағдайыңыз рұқсатты қажет ететін санатқа кіретінін анықтаңыз.
2. Қажетті құжаттарды Қағидаларға сәйкес дайындаңыз.
3. Өтінішті келесі портал арқылы жіберіңіз:
• egov.kz
4. Рұқсатты алу – 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар тізімі
Кесу себебіне байланысты (құрылыс, қайта жаңарту, абаттандыру):
• Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы расталған өтініш (Қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
• Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (егер «Жылжымайтын мүлік регистрі» базасында тіркелмеген болса);
• Экологиялық сараптама қорытындысы;
• Жасыл желектерге жүргізілген түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
• Өтемдік ағаш отырғызу жоспары;
• Көшеттерді отырғызу мерзімі көрсетілген өтемдік отырғызу туралы кепілхат;
• Өтемдік көгалдандыруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шарт. Уәкілетті мемлекеттік орган "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ.
Сілтеме НҚА:
Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығы.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін өтініш беруші egov.kz порталы немесе өзіңіз мекен жайыңыз бойынша ХҚКО арқылы өтініш беру қажет.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру- бұл азаматтың жалға алып отырған мемлекеттік тұрғын үйді жеке меншігіне тегін рәсімдеу процесі. Бұл қызмет тек белгілі бір санаттағы азаматтарға қолжетімді және нақты заңдармен реттеледі.
Мына азаматтар тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы:
• Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алып отырған азаматтар;
• Әлеуметтік осал топтарға жататындар (көп балалы отбасылар, мүгедектер, жетім балалар және т.б.);
• Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар, депутаттар, ғарышкерлер мен үміткерлер.
Жекешелендіруге өтініш беру үшін отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері келісімін беруі қажет.
Жекешелендіру қызметіне жүгіну тәсілдері:
• Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы;
• электрондық үкімет порталы арқылы (ЭЦҚ қажет);
• Құжаттарды қарау және шешім қабылдау жергілікті атқарушы орган жанындағы тұрғын үй комиссиясы арқылы жүзеге асады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш (отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері қол қояды);
2. Қажетіне қарай:
• некеге тұру/бұзу туралы, баланың тууы немесе отбасы мүшесінің қайтыс болуы туралы куәліктер көшірмелері;
3. Тұрғын үйге жалға алу шарты немесе ордер;
4. Егер өтініш берушінің отбасына басқа тұлғалар мүшелік етсе- сот шешімінің көшірмесі;
5. Егер азамат жеңілдікті топқа жатса:
• тиісті құжат көшірмесі (мысалы, көп балалы отбасы мәртебесі);
6. Мемлекеттік қызметшілер мен өзге де санаттар үшін:
• жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
7. Ғарышкерлер немесе үміткерлеh- мәртебесін растайтын құжат;
8. №6 нысан- өтініш беруші мен онымен тұратын отбасы мүшелерінің атына ҚР аумағында тұрғын үйдің бар/жоғы туралы әділет органының анықтамасы;
9. Коммуналдық қызметтер бойынша қарыздың жоқтығы туралы анықтама (жарық, су, газ, жылу, КСК және т.б.).
Сілтеме НҚА:
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары,
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 12 тамыздағы №437 бұйрығы
Тұрғын үй қатынастары туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы.