|
БЕКІТІЛДІ Орал қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «__»_______№_____ қаулысымен |
«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Орал қаласы, 2025 жыл
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) қалада мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыстың және қала әкімдіктерінің, Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының бөлім құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындауына басқылау жасайды;
2) ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
3) ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) қалада болып жатқан қоғамдық-саяси процестерге және оның даму барысына жан-жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды;
5) қалалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады;
6) қаладағы қоғамдық-саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік-саяси зерттеулер жүргізеді;
7) қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;
8) әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді;
9) қала әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады;
10) ішкі істер органдарымен жұмыс жасайды.
1) ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық-саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамсыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыс пен қала әкімдіктерінің, Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
3) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, қала әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;
4) қала туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі қала әкімдігінің жұмысына қатысады;
5) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының, қала әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;
6) бөлім атқарған жұмыстары жөнінде Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасына үнемі есеп беріп отырады;
7) бөлім құзырына кіретін мәселелер жөнінде қаладағы мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамасыз етеді;
8) қала әкімі аппараты қызметін ақпараттық талдаумен қамтамасыз етеді;
9) облыстық және қалалық қоғамдық-саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
10) ауылдық округтер әкімдерінің, қаланың мемлекеттік мекемелерінің, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;
11) қаланың ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша қалалық әкімдіктің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;
12) БҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясына және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді;
13) ішкі саясат саласында, ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайдын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
14) бөлімнің құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
15) мемлекеттік рәміздерге қатысты мемлекеттік саясатты қала бойынша жүзеге асыру;
16) саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады;
17) конфессияаралық келісімді, азаматардың діни қызметке құқықтарын қамтамасыз етеді және күш қолдану идеологиясы мен терроризмді насихаттауға жол бермеу мақсатында діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
17.1) Орал қаласы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиисия отырысын және Қалалық экстремизм мен терроризмді алдын-алуға бағытталған жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру (экстремизм мен терроризмді алдын-алуға бағытталған жұмыс тобы отырыстарының өткізілуін бақылау және реттеу, Орал қаласында терроризмнің алдын-алу саласындағы ахуалдың дамуына ықпал ететін қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де процестер туралы ақпаратты талдау).
18) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және қалалық ғылыми-практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;
19) қала әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, бөлім құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды;
20) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
1) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, бөлім құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
2) ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде қала әкіміне ұсыныстар енгізеді, бөлімге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
3) бөлімнің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға тапсырмалар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
4) қалалық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясаты мен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі қалалық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
5) бөлім құзырына кіретін ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;
5.1) терроризмнің, экстремизмнің алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алу;
6) бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
7) ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 804-бабы 1-ші тармағының 50 тармақшасына сай, Кодекстің 489-1 «Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралын заңнамасын бұзу» бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыруға құқылы;
8) ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 804-бабы 1-ші тармағының 50 тармақшасына сай, Кодекстің 490 «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыруға құқылы;
9) ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 729-бабы 1-ші тармағына сай, 455-бабы «Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу» бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыруға құқылы;
10) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің мүлкі
5-тарау. Орал қаласының ішкі саясат бөлімін
қайта ұйымдастыру және тарату