ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама


ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәлімет беру керек:

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес, Жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қалай беру керек:

          Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар бекітілген Қағидаларға нысанның барлық кестелерін толтыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.

          Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын веб-портал арқылы
1 қаңтардан 31 наурызға дейін электрондық түрде ұсынады.

Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді электрондық түрде ұсыну үшін esep.govtec.kz  веб-порталы жұмыс істейді.

Веб-порталда авторизациялау/тіркеу үшін заңды тұлғаға электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ немесе сертификат) алу талап етіледі.

Анықтама үшін: 2024 жылдың мамыр айынан бастап процестерді оңтайландыру және ЭЦҚ кілттерін алу, сақтау және пайдалану рәсімін жеңілдету үшін «Ұлттық куәландырушы орталық» ЭЦҚ-ның екі кілтін (AUTH, RSA) беру мен пайдаланудың ағымдағы процесінен тек бір кілтті (GOST) қолдануға көшті. Осыған орай, веб-порталдың барлық пайдаланушылары GOST кілтін пайдаланып кіре алады.

Қалыптастырылған мәліметтер заңды тұлғаға немесе оны алмастыратын тұлғаға берілген электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландрылады.

Мәліметтерді уәкілетті органға веб-портал арқылы электрондық түрде беру күні – нысандарды қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабы немесе сервері қабылдаған күн.

Үкіметтік емес ұйымдар есепті кезеңдегі ақпаратты және ағымдағы жылы іске асырылатын жобалар бойынша ақпаратты көрсете отырып, өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынады.

ҮЕҰ Дерекқоры жөніндегі мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілер:

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы ҚР Заңы; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі ҚР Заңы;

Ескерту: «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Осыған байланысты есептерді белгіленген тәртіппен және мерзімде уақтылы ұсыну қажеттігін ескертеміз.

Дата публикации
20 января 2026