Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні, «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы әлеуметтік жобаларды бағалау жұмысының комиссия отырысы өткізілді.
2025 жылғы 11 әлеуметтік жоба бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстары қаралып, комиссия отырысының сарапшылар құрамы баға берді.
Әлеуметтік жоба аясында, сарапшылар кеңесінің бағалауы бойынша: Ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ардагерлер ұйымдарын дамыту, сондай - ақ ҰОС, еңбек , тыл ардагерлері және зейнеткерлерімен шаралар өткізу – 118.
Орал қаласы тұрғындарының дәстүрлі мәдени құндылықтарға сай келетін санасын қалыптастыру және діни сауаттылықты арттыру жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу – 118.
Отбасы құндылықтарын қалыптастыру бойынша шаралар ұйымдастыру – 125.
Орал қаласының күніне орай шараларды ұйымдастыру және өткізу – 121.
Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерімен ынталандыру бойынша қала басшылығымен кездесу өткізу – 122.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру және өткізу – 122.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған шараларды өткізу – 122.
Жастар мен жасөспірімдерге скери-патриоттық тәрбиеге арналған іс - шараларды ұйымдастыру және өткізу – 119.
Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастыру – 122.
Орал қаласының студенттері арасында "ORAL JASTARY" фестивалін ұйымдастыру және өткізу – 125.
Орал қаласының тұрғындары мен жастары арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу – 119.