«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-сі бойынша Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 қарашадағы №53-2 «Орал қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №39-2 «2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімімен келесі бюджеттік бағдарлама нақтыланды:
453001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.
Бұл бюджеттік бағдарлама арқылы экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстар қамтылады. Аталған бағдарламада «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің штат саны 12 бірлік қызметкерді және 2 техникалық қызмет көрсетуші қыметкерді ұстау, 12 бірліктен тұратын аппараттың еңбекақысын, сауықтыру жәрдемақысын, 2 бірлік техникалық қызметшілердің еңбекақысын төлеу, әлеуметтік салық пен аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық аударымдарды, жарнаны аудару, байланыс қызметін, көлік қызметін қамтамасыз ету, көлік жөндеу шығындары, «Парус-КАЗ» бағдарламалық өнімін орнату, оған қызмет көрсету, байланыс шығындары, кеңселік ұйымдастыру техникасын сатып алу, кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету шығындары, аппаратты ағымдағы ұстау шығындары қаралған.
|
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы кезең |
||
|
2020 |
2021 |
2022 |
||
|
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен |
мың теңге |
40883,0 |
30202,0 |
30382,0 |
|
Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар |
мың теңге |
40883,0 |
30202,0 |
30382,0 |