ЖОБА
Орал қаласында 2026 жылы оңайлатылған
декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану
кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Орал қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін 2026 жылы алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Орал қалалық мәслихатының төрағасы Е.Қалиев