Хабарландыру Көзделіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу туралы


Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалаудың (СЭБ) - (әсер ету скринингі) 1-кезеңін жүргізу үшін мынадай құжаттар (әрі – қарай материалдар) келіп түсті:

- түсіндірме жазба Батыс-Казақстан облысы  Орал қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізу үшін көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингі

- графикалық материалдар (сипатталатын аумақтың орналасқан жері, тірек жоспары);

СЭБ материалдарын әзірлеуші: "ГРАДО"жобалау фирмасы "ЖШС

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: Бастамашы -« Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Скрининг нәтижелері туралы қорытындылар бергені үшін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жұртшылықты (барлық мүдделі азаматтар мен заңды тұлғаларды) мынадай мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

  • Сіздің пікіріңізше, Жобаны іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер ете ала ма және егер солай болса, онда бұл қандай әсерлер және Сіз оларды неге елеулі деп есептейсіз?
  • Сіз СЭБ-тың одан арғы кезеңдерін өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неліктен?
  • Сізде әзірленіп жатқан Жобаға, оның ішінде Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

 

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: (10 жұмыс күні)

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды:

- Экология министрлігі Кеңсесінің эл.адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжаттарыңызды Кеңседен мына телефон арқылы алғанын міндетті түрде нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44);

- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі - «Негізгі құжаттар» бөлімі - «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

 

Әкімшілік сайтында:

Дата публикации
15 октября 2025