Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда тіркелген № 31713) бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа үлгілік қағидаларына сәйкес, Орал қаласы әкімінің аппаратында және бағынысты мекемелерінде 2023 жылдың 1 тамыз - 1 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде, осыған байланысты 25 тамыздан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы хабарландыру етеміз.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға жұмыс тобының құрамындағы барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.