«2025-2027 жылдарға арналған Зачаган кентінің бюджет туралы» қалалық мәслихаттың шешімі 2025-2027 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы негізінде қалыптастырылып, қалалық мәслихаттың 2025 жылғы 17 қыркүйектегі №22-5 шешімі негізінде қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №18-8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар нақтыланды.
Кесте 1
2025-2027 жылдарға арналған кенттік бюджеттің негізгі параметрлері
мың. теңге
|
|
2025 |
2026 |
2027 |
|
Түсімдер |
2 963 671,0 |
576 402,0 |
604 137,0 |
|
Кіріс, соның ішінде: |
1 342 491,0 |
322 291,0 |
338 407,0 |
|
Салықтық түсімдер |
660 100,0 |
320 153,0 |
336 162,0 |
|
Салықтық емес түсімдер |
0,0 |
2 138,0 |
2 245,0 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
682 391,0 |
0 |
0 |
|
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер |
0 |
0 |
0 |
|
Трансферттер түсімі |
1 621 180,0 |
254 111,0 |
265 730,0 |
|
Қарыздардың түсімі |
0 |
0 |
0 |
|
Шығыстар |
2 998 548,0 |
576 402,0 |
604 137,0 |
|
Тапшылық (профициті) |
-34 877 |
0 |
0 |
Түсімдер
2025-2027 жылдарға арналған кенттік бюджетке жеке кірістер түсімі болжамының есебі қолданыстағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және ҚР ЭДжСМ әзірленген және бекітілген әдістеме бойынша, өткен жыл ішіндегі түсімдердің серпіні есепке алынып жүргізілді.
2025 жылға арналған кенттік бюджеттің жеке кірістері (салық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер) 1 342 491,0 мың. теңге сомада бекітілген.
ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ТҮСІМІ
2025 жылға кент бюджетінің кіріс бөлігіне жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер 1 621 180,0 мың теңге.
Сонымен, жоғарыда айтылғандар есебімен кенттік бюджеттің үш жылдық жоспарлы кезеңге кіріс бөлігінің болжамы құрайды: 2025 жыл –1 621 180,0 мың теңге; 2026 жыл –254 111,0 мың теңге; 2027 жыл –265 730,0 мың. теңге.
ШЫҒЫНДАР
2025–2027 жылдарға арналған кенттік бюджеттің шығыстары Президенттің Қазақстан халқына жолдауларынан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталды.
Кесте 1
Кенттік бюджеттің салалар бойынша шығыстары
(бюджет структурасы бойынша)
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
2025 жылға арналған кенттік бюджетте – 950 849,0 мың теңге көзделген, (2026 жылға – 426 865,0 мың теңге, 2027 жылға –450 910,0 мың теңге).
Кесте 2
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығыстар
мың теңге
|
Атаулары |
2025 |
2026 |
2027 |
|
Зашаған кентінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бойынша, оның ішінде: |
|
|
|
|
Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру |
155 545,0 |
96 487,0 |
101 311,0 |
|
Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету |
565 537,0 |
284 208,0 |
301 123,0 |
|
Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру |
229 767,0 |
46 170,0 |
48 476,0 |
Көлік және коммуникация
Көлік және коммуникация саласындағы шығыстардың негізгі бағыттары 2025 жылға 1 895 176,0 мың. теңге ( 2026 жылға – 52 120,0 мың. теңге, 2027 жылға – 54 726,0 мың. теңге):
Кесте 3
Көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету
мың теңге
|
Атаулары |
2025 |
2026 |
2027 |
|
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін ағымдағы жөндеу |
1208287,0 |
52 120,0 |
54 726,0 |
Ауданық маңызы бар қалаларда ауылдарда
кенттерде ауылдық округтерде автомобиль 654 429 0 0
жолдарын күрделі және орташа жөндеу
Ауданық маңызы бар қаларда ауылдарда
кенттерде ауылдық округтерде автомобиль 32 460 0 0
жолдарын құрылыс және қайта жаңарту
Борышқа қызмет көрсету
Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету 2025 жылға 7046,0 мың.теңге құрады.
Трансферттер
2025 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің қайтарымы 4943,0 мың.теңге құрады.
Кент әкімі А.Аубекеров