Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары

 

Орал қаласының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ

 

ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ

 

НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

 

АНЫҚТАМАЛЫҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаңтар-сәуір

2025 жыл

 

 

 

 

 

ӨНЕРКӘСІП

Кәсіпорындардың көтерме бағадағы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі

 млрд. теңге

 

 

 

2025 жылдың қаңтар-сәуір айларына өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 102588,2 млн.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 125,4% құрады, оның ішінде:

тау-кен өндірісі – 470,0 млн.теңге, индекс 160,2%;

өңдеу саласында-76925,5 млн.тенге немесе 151,4%;

электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 21294,5 млн теңге немесе 61,5%;

 сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 3898,2 млн. теңге немесе 85,6%.

Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі 75%.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

                                                                                                                бас

                                                                                        

     

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

Қаланың  аграрлық секторында 56 ауыл шаруашылық  құрылымдар  бар, соның ішінде–1 мемлекеттік кәсіпорын (сорт сынау бойынша инспектура), 15 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 33 шаруа қожалығы, 2 ауылшаруашылығы кооперативі. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және соның тек қана 12%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

Есепті кезенге  ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2073,2 млн. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 102,9% құрап отыр, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру – 407 млн. тенге(100%), мал шаруашылығы – 1666,2 млн. тенге(103,2%).

2025 жылдың 1 мамырына  МІҚ- 124,2%(3897 бас), қой басы 91,7%(5663 бас), жылқы-80,5%(1168 бас), құс-96,6%(379,1 мың. бас) құрады.

Сондай-ақ, ет өндірісі -179,6 тонна(103,3%), сүт өндірісі- 620,5 тонна (105,8%), жұмыртқа өндірісі 33,1 млн. бірлік (102,8 %) құрап отыр.

Тұрғындарды көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 141,9 мың шаршы метр болатын 4 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КӨЛІК

 

Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық  тасымалдаудан негізгі үлесі 99% астамын  автомобиль көлігі алады.

Орал қаласының қоғамдық көлігі 27 қалалық, 10 саяжай және 7 қала маңындағы бағыттағы маршруттармен қамтылған. Қазіргі таңда  күн сайын тұрғындарға қызмет көрсету үшін 409 бірлік техника, оның ішінде 280 орташа және үлкен сыйымдылық автобустары.

 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде жолаушылар көлігі жұмысының экономикалық тиімділігін арттыру, жергілікті бюджетке қосымша салық түсімдерін алу мақсатында, «Аvtobys» бағдарламалық өнімін пайдалана отырып, көрсетілген жолаушылар тасымалы қызметтерінің санын бақылауды күшейту мақсатында, сондай-ақ жолаушылар тарапынан қоғамдық көлікте жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу тәсіліне тартымдылықты арттыру үшін Орал қаласында билеттеудің электрондық жүйесі енгізілді.

Электрондық жүйе QR-код, банктік карталармен, арнайы көлік карталары бойынша төлемді қабылдайды.

Электрондық төлем жүйесін тиімді жүргізу мақсатында 2024 жылдың қаңтар айынан бастап сараланған тариф енгізілді, қолма-қол ақшасыз төлеу-100 теңге, ал қолма қол төлеу-200 теңге тұрады.

2025 жылы қалалық тасымалдаушыларға - 5,2 млрд тенге көлемінде жергілікті қаражат есебінен субсидия берілді.

«Оралавтотранс» ЖШС компаниясы «Yutong» маркалы отандық 12 жайлы автобусты №5 қоғамдық көлікке сатып алды.

Жолаушы тасымалдаушы мекемелерінде 518 автобус жүргізушісі жұмыс атқарады, орташа жалақысы 375 мың тенге.

 

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

 

2025 жылдың 1 мамырына  қаладағы есепті деректер бойынша   39 881 шағын және орта кәсіпкерлік(әрі қарай-ШОК)  субъектісі тіркелген (соның ішінде:  7 318 заңды тұлға, 32 563 жеке кәсіпкерлер), өткен жылдың осы кезеңіне 104,3%құрайды.

 Тіркелген ШОК субъектілері ішінде  37 000(5 839 заңды тұлға, 31 161 жеке кәсіпкер) қолданыста, яғни тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 92,8% құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,1%-ға  өскен.

2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ШОК саласында еңбек ететіндер саны  90 219 адамды  құрайды, 2023 жылдың 1 қазанына 9,4%-ға өскен.

ШОК субъектілерімен 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында  1 050 054 млн.теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді немесе 2024 жылдың осы кезеңіне 122,2% құрайды.

2025 жылдың қаңтар-сәуір айында ШОК субъектілеріне 73(13,3га) жер учаскелері  бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны - 16(4,74га).

Сонымен қатар 307 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, соның ішінде:  3 дүкен бар.

 

         

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                             

 

САУДА                                           млн. теңге

 

 

 

САУДА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ

 

2025 жылдың қаңтар-сәуір айында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 152 236,3  млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңіне бөлшек сауданың нақт көлем индексі 104,7%-ды құрап отыр.

Бөлшек сауданың құрылымында азық-түлік тауарларының көлемі  35,3% немесе 53 693,0 млн. теңгені құрап отыр. Азық-түлік емес тауарлар көлемі 64,7% немесе 98 543,3 млн. теңгені құрап отыр.

Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде 137 376,3 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көтерме сауданың нақты көлем индексі 98,9%-ды құрады.

2025 жылдың 1 мамырына тауар қорларының көлемі: көтерме саудада –     49 576,8  млн.теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 33 632,2 млн.теңге құрап отыр.

2025 жылдың 1 мамырына  қалада 67 ірі сауда үйлері, 1849 дүкендер мен дүңгіршектер, 18 базар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 540 объект,              262 шаштараз,  киім тігу мен жөндеу бойынша 72 ателье, 272 авто шеберхана,        167 дәріхана, 39 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 41 ірі монша мен сауналар (соның ішінде 7-уі ірі моншалар) бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҒАЛАР

 

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика  бюросының  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің  жалпы   тұтыну   құн индексі 2025 жылдың сәуір айында өткен аймен салыстарғанда 101,0%,  2024 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 105,0% құрады,  оның   ішінде  азық-түлік   тауарларына тұтыну құн индексі  101,8% сәйкесінше 104,7% құрап отыр.                                          

2025 жылдың сәуір айында облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 5%-ға өсті.

2025 жылғы сәуірде   азық-түлік тауарларының баға индексі - 101,8% құрады. Нан өнімдері және жармалар бағасы -0,8%, макарон өнімдері бағасы – 0,1%,  ет (ет өнімдерін қоса) бағасы -2,9%, балық және теңіз өнімдері бағалары -1,1%, сүт өнімдері бағалары-0,6%, май және тоңмай бағалары -0,2%, жемістер мен көкөністер бағалары 3,7% өсті.  1 дәрежелі жұмыртқа бағасы -1,8% арзандады.

2025 жылғы сәуірде азық-түлік емес тауарлардың бағасы - 0,4% өсті. Соның ішінде аяқ киім бағасы -2,9%, жуғыш және тазалағыш құралдар бағасы -0,1%, фармацевтикалық өнімдер - 0,7%, жеке қолданатын тауарлар-0,6%  қымбаттады.

2025 жылғы сәуірде ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер- 0,2% өсті, тұрғын үйді жалға алу бағасы- 1,1%,  жолаушылар көлігі қызметінің бағасы – 0,2%, байланыс қызметтері бағасы – 2,3% өсуімен байланысты болды.

 

 

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ

                                                                                                                 млн. теңге

 

 

ИНВЕСТИЦИЯ

 

2025 жылдың қаңтар-сәуір айына негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 41304,5 млн. теңгені құрап, былтырғы жылға 155,2% құрап отыр.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 4336,4 млн. теңге (2024 жыл-1163 млн теңге).

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 1850,1 млн. теңге              (2024 жыл-4822,2 млн теңге).

Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің 68% тиесілі немесе 28122,5 млн. теңге(2024 жыл-19407 млн теңге).

Банктердің кредиттері мен зайымдары есебінен инвестициялар 6995,5 млн. теңге құрады(2024 жыл-875,1 млн теңге).

Қаланың негізгі капиталға тартылған инвестицияның құрамы келесідей:

ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары -78% немесе 32344,8 млн. теңге;

машиналар, жабдықтар, құралдар-21% немесе 8580,6 млн теңге.

басқа шығындар-1% немесе 379,1 млн теңге.

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 111,8 мың теңге құрады(2024 жылға-152,4%).

Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі –10804,1 млн.теңге құрады, былтырғы жылға 184,5% құрап отыр.

Жалпы облыстық құрылыс жұмыстарының көлемінде қаланың үлесі 19,2% құрап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 87,6 мың шаршы метр құрайтын 708 пәтер іске қосылды, былтырғы жылға 89,4% құрап отыр, жұртшылық есебінен-39,2 мың шаршы метр (61,7%).

Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 12927,5 млн.теңге бағытталды (былтырғы жылға-86%) соның ішінде:  жұртшылық есебінен-5120,2 млн.теңге.

Тұрғын үйді іске қосу көрсеткіштерін орындалмау себептерінің бірі:

  1. Ұзақ мерзімді нысандар (құрылыс салушыларда қаржының және халықтың сұранысының болмауы).
  2. Алынған АПЗ және эскиздік жоба санының азаюы.

 Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны  138,8 мың теңге құрады,былтырғы жылға- 92%.

 

 

 

 

 

 

 

                       

                        БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ                

                                                                                                     млн.теңге

 

БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ

 

2025 жылғы қаңтар-сәуір айына есеп бойынша мемлекеттік бюджетке қала контингентінен – 75238,6 млн. теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке контингентте – 40007,8 млн.теңге және аударымдарда – 23150,2 млн. теңге түсті, бұл жалпы салық базасынан тиісінше – 53,2% және 30,8% құрайды.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджет кірістерінің өсу қарқыны контингентте – 115,9%, оның ішінде республикалық салықтар бойынша-128,5% құрады.

         2025 жылғы қаңтар-сәуір айына есеп бойынша қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық 130,3% орындалды немесе жоспар бойынша – 18362,6 млн.теңге, нақты түскені – 23933,9 млн. теңге.

         Жеке салықтар мен алымдардан (азаматтарға пәтерлерді сатудан түскен қаражат түсімдерін есептемегенде) түскен кірістер бойынша жоспар 131,2% – ға орындалды немесе жоспар бойынша – 14537 млн.теңге, іс жүзінде қала қазынасына – 19068,6 млн. теңге түсті.

 Реттелетін салықтар (аударымда)бойынша түсімдер 227,9% орындалды немесе жоспар бойынша-6252,2 млн. теңге, нақты түскені-14246,8 млн теңге, оның ішінде корпоративтік салық бойынша жоспар – 104,2%, жеке табыс салығы бойынша- 150,4%, әлеуметтік салық бойынша орындалу-217,3%  құрады.

         Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша жоспар 125,6% орындалды немесе жоспар бойынша – 3284,5 млн.теңге, іс жүзінде қалалық бюджетке-4124,2 млн. теңге түсті.

         2025 жылғы 1 мамырына жағдай бойынша реттелетін салықтар бойынша түсімдер – 14246,8 млн.теңгені құрады немесе аударымдардың белгіленген нормативтерін ескере отырып, өткен жылмен салыстырғанда –4318,9 млн. теңгеге өсті.

2025 жылға реттелетін салықтар бойынша аударымдар нормативі мынадай мөлшерде бекітілді, атап айтқанда корпоративтік салық бойынша -50%, ЖТС (101201 және 101205) бойынша – 5%, ЖТС (101202) бойынша – 100% және әлеуметтік салық бойынша - 5%, бұрын қолданыстағылардың орнына – 50%, 10%, 100% және 10% тиісінше.

         Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша 2025 жылғы 1 мамырына түсімдердің өсу қарқыны өткен 2024 жылмен салыстырғанда 121,3% құрады.

         2025 жылдың 1 сәуіріне салық берешегінің жалпы сомасы контингентте (республикалық салықтарды ескере отырып) – 4 млрд.теңге мөлшерінде қалыптасты, оның ішінде қалалық бюджет бойынша, аударымдарда белгіленген есептеу нормативтері кезінде берешек сомасы – 1,7 млрд. теңге мөлшерінде қалыптасты.

 

 

,

 

 

БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫ

 

Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 94,7% орындалды немесе жоспарланған 15490,7 млн. теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 14663,3 млн. теңге құрады:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 2866,2 млн. теңге жоспарланса, одан 2707,3 млн. теңге немесе 94,5% игерілді;

- қорғаныс саласына 93 млн теңге жоспарланып, 90 млн. теңге немесе 96,8% орындалды;

-қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық,сот, қылмыстық-атқару қызметіне 381,8 млн.теңге жоспарланып, одан 356,3 млн. теңге атқарылды, немесе 93,3%;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 1824,7 млн. теңге жоспарланып, одан 1751,7 млн. теңге атқарылды, немесе 96%;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған 3712,8 млн. теңгеден 3201,8 млн. теңге орындалды немесе 86,2%;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған
824,9 млн. теңгеден 818,2 млн. теңге орындалды немесе 99,2%;

-  ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер 19,6 млн. теңге  құрады немесе 96,5%;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған               166,3 млн. теңгеден 80,6% игеріліп, атқарылған 134,0 млн. теңге құрады;

- көлік және коммуникация саласына жоспарланған  4392,9 млн. теңгеден 4377,8 млн. теңге немесе 99,7%  орындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

                                                   ДЕМОГРАФИЯ

Қала халқының саны 369963 адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 52% құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,2% өскені байқалады.

Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады.

Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.

Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады.

Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарымен және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕҢБЕК РЫНОГЫ

                                                                                                    адам

 

 

 

                     ЕҢБЕК РЫНОГЫ

 

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 7749 адам өтініш жасаған, 23 пайызға былтырғы жылдан көбейді.

Тіркелген жұмыссыздар саны 5344 адамды құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4% көп.

Есепті мерзімде 1304 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылға 222% құрап отыр.

Қоғамдық жұмыстарға – 293 адам тартылды, бұл былтырғы жылдың кезеңіне 147% құрап отыр.

Есепті мерзімде 1188 жаңа жұмыс орын ашылды, былтырғы жылға-180% құрады.

Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы сәуір айына 47375 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 10,4% өскені байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

       

              

Дата публикации
22 мая 2025