2025 жылдың қаңтар-наурыз айына өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 74638,1 млн.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 128,2% құрады, оның ішінде:
тау-кен өндірісі – 323,1 млн.теңге, индекс 130,8%;
өңдеу саласында-55135,2 млн.тенге немесе 157,2%;
электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 15876,7 млн теңге немесе 57,4%;
сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 3303,1 млн. теңге немесе 102,1%.
Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі 74%.