Бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Осы Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет болып табылады.
Бюджет процесi – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, мемлекеттiк органдардың бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi.
Жергілікті бюджет Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 2014 жылдың 31 қазандағы №470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-бабына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қаланың ) бюджеті ауданның (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Негізгі әлеуметтік көрсеткіштер
|
Көрсеткіштер |
2025 жыл |
|
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы |
46 228 |
|
Ең төменгі зейнетақы мөлшері |
62 771 |
|
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері |
32 360 |
|
Ең төменгі жалақы мөлшері |
85 000 |
|
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш |
3 932 |
Орал қаласының үш жылдық кезеңге (2025-2027 жылдарға) арналған бюджеті Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025-2029 жылдарға арналған болжамы негізінде қалыптастырылды, Орал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №18-6 «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешімімен бекітілді және Орал қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №2893 «Орал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №18-6 «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қаулысымен жүзеге асырылады.
Орал қаласының 2025 жылға бекітілген бюджетінің жалпы көлемі 32 586,6 млн.теңгені құрады, 2024 жылы бекітілген бюджетке 7,9%-ға ұлғайды (бекітілген бюджет – 30 196,8 млн.теңге).
2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджеттің негізгі параметрлері
млн.теңге
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Нақтыланған бюджет |
Бекітлеген бюджет |
Бекітлеген бюджет |
|
|
Бюджеттің жалпы көлемі, оның ішінде: |
68 741,3 |
21 386,4 |
20 083,3 |
|
Кірістер, оның ішінде: |
52 183,6 |
21 386,4 |
20 083,3 |
|
салықтық түсімдер |
36 988,6 |
17 172,7 |
18 351,5 |
|
салықтық емес түсімдер |
255,4 |
589,6 |
303,8 |
|
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
7 125,8 |
1 364,6 |
1 428,0 |
|
Трансферттер түсімі |
7 813,8 |
2 259,5 |
0 |
|
Қарыздар түсімі |
16 124,1 |
0 |
0 |
|
Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары |
0,657 |
0 |
0 |
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
433 |
0 |
0 |
|
Шығыстар |
62 022,4 |
21 386,4 |
20 083,3 |
|
Бюджеттік кредиттеу |
-433 |
0 |
0 |
|
Тапшылық |
-9,4 |
0 |
0 |
|
Қарыздар түсімі |
16 124,2 |
0 |
0 |
|
Қарыздар өтеу |
6 718,9 |
0 |
0 |
Түсімдер
Болжамдық деректер салық салу базасы бойынша салық және уәкілетті органдардың мәліметтерін ескере отырып және Қазақстан Республикасының нақты түсімдері мен макроэкономикалық көрсеткіштерінің серпініне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 21.01.2015 жылғы №34 Бұйрығымен бекітілген бюджет кірістерін болжау әдістемесін қолдана отырып есептелген.
2025 жылға арналған меншікті кірістер (салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер) 44 369,8 млн.теңге сомасында нақтыланды.
Трансферттер түсімі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кірістердің құрамына трансферттер кіреді. 2025 жылға жоғары тұрған бюджеттер деңгейінен 7 813,7 млн.теңге. 2025 жылы тұрғын үйлер салуға бөлінген кредиттер 5 474,9 млн.теңге сомасына бекітілді.
Осылайша, кезекті үш жылдық кезеңге арналған болжамды параметрлер мынадай көлемдерде айқындалған, атап айтқанда:
– 2025 жылға – 68 741,3 млн.теңге, 2026 жылға – 21 386,4 млн.теңге, 2027 жылға – 20 083,3 млн.теңге.
Кенттер мен ауылдық округтерге берілетін субвенциялар (жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қалалық бюджеттен берілетін бюджеттік қаражат) 2025-2027 жылдарға тиісінше 417,4 млн.теңгені, 876,3 млн.теңгені және 919,6 млн.теңгені құрады.
Орал қаласының түсімдер бойынша бюджеті, млн.тенге
Даму бюджеті
Даму бюджеті негізінен инвестициялық жобаларды іске асыруға, қала үшін қажетті инфрақұрылымды, сондай-ақ әлеуметтік объектілерді салуға бағытталған. 2025 жылға арналған шығыстардың жалпы көлемінде даму бюджетінің көлемі 13 632,5 млн.теңгені немесе бюджеттің жалпы көлемінің 19,8%-ын құрайды.
Шығыстар
Нақтыланған бюджеттің жалпы көлемі 68 741,3 млн.теңгені құрайды, оның ішінде шығындар 62 022,4 млн.теңге, қарыздарды өтеу 6 718,9 млн.теңге.
2025 жылға арналған Орал қаласының нақтыланған бюджетінің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын іс-шараларды және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға, шағын және орта бизнесті қолдауға, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған мемлекеттің басқа да басым міндеттерін іске асыруға бағытталған.
2025 жылға арналған шығыстардың жалпы көлемінде даму бюджетінің көлемі 13 632,5 млн.теңгені немесе 19,8%–ды құрайды.
Бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды, мәселен, әлеуметтік салаға 9 856,1 млн.теңге сомасында шығыстар жоспарланған немесе ағымдағы бюджеттің 14,3%.
2025 жылға арналған төмен тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 1 687,4 млн.теңгені құрады (Круглоозерный кенті – 88 млн.теңге, Зачаган кенті – 1 465,6 млн.теңге, Деркөл кенті - 64,5 млн.теңге, Желаев а.о. – 69,3 млн.теңге).
Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)
Әлеуметтік блок шығыстары 2 функционалдық топты қамтиды: әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.
Тұтастай алғанда, әлеуметтік салаға арналған қалалық бюджеттің шығыстары 2025 жылғы шығыстардың жалпы көлемінің 14,3%-ын немесе абсолюттік мәнде – 9 856,1 млн.теңгені, 2026 жылғы – жалпы шығыстардың 26,6%-ын немесе 5 693,7 млн.теңгені, 2027 жылғы-жалпы шығыстардың 29%-ын немесе 5 831,5 млн.теңгені құрайды.
Әлеуметтік салада азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау негізгі басымдық болып табылады.
** Осы кестеде әлеуметтік салаға арналған шығындар 100%- ға алынып, әлеуметтік блокқа кіретін салалардың үлесі көрсетілді.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
Бюджеттің ағымдағы шығындары 2025 жылға 6 655,4 млн.теңге сомасында көзделген (2026 жылға –3 094,6 млн.теңге, 2027 жылға –3 215,1 млн.теңге).
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шығыстары
млн.теңге
|
Атауы |
2025 |
2026 |
2027 |
|
Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша |
|||
|
Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
162,9 |
164,1 |
165,6 |
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек |
1 103,5 |
95,3 |
100,1 |
|
Тұрғын үйге көмек көрсету |
24,7 |
26,0 |
27,3 |
|
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек |
865,6 |
764,0 |
802,2 |
|
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету |
39,7 |
41,7 |
43,7 |
|
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу |
3,8 |
4,0 |
4,2 |
|
Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу |
192,8 |
186,2 |
199,4 |
|
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз ету |
708,6 |
668,9 |
675,1 |
|
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету |
2 571,3 |
727,2 |
763,5 |
|
Күш көрсету немесе күш көрсету қаупі салдарынан қиын жағдайларға тап болған тәуекелдер тобындағы адамдарға қызметтер |
73,9 |
101,5 |
102,2 |
|
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту |
266,0 |
232,8 |
244,4 |
|
Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру |
262,6 |
82,9 |
87,1 |
|
Халықты әлеуметтік қорғау жөніңдегі іс-шараларды іске асыру |
132,6 |
- |
- |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
2025 жылға арналған бюджет шығындары 3 200,7 млн.теңге сомасында болжануда (2026 жылға –2 599,1 млн.теңге, 2027 жылға –2 626,4 млн.теңге).
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке шығыстар
млн. теңге
|
Атауы |
2025 |
2026 |
2027 |
|
Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша |
|||
|
Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
25,9 |
25,8 |
25,9 |
|
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау |
1 446,7 |
1 415,8 |
1 399,6 |
|
Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi |
368,1 |
368,4 |
368,1 |
|
Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту |
4,0 |
4,2 |
4,1 |
|
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары |
465,9 |
- |
- |
|
Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша |
|||
|
Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
21,7 |
20,9 |
19,7 |
|
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту |
455,4 |
382,9 |
356,1 |
|
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу |
95,6 |
81,0 |
78,7 |
|
Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы |
27,1 |
28,4 |
27,6 |
|
Орал қаласының ішкі саясат бөлімі бойынша |
|||
|
Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
134,3 |
111,0 |
98 |
|
Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер |
78,4 |
82,3 |
79,9 |
|
Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру |
77,7 |
78,4 |
68,5 |
Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық
2025 жылға арналған қалалық бюджетте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 33 240,9 млн.теңге қарастырылған (2026 жылға – 6 410,8 млн.теңге, 2027 жылға – 4 846,7 млн.теңге).
2025 жылға арналған төмен тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 1 687,1 млн.теңгені құрады (Круглоозерный кенті – 87,8 млн.теңге, Зачаган кенті – 1 465,7 млн.теңге, Деркөл кенті-64,4 млн.теңге, Желаев а.о. – 69,2 млн.теңге).
Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық шығыстар
млн.теңге
|
Атауы |
2025 |
2026 |
2027 |
|
Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша |
|||
|
Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру |
267,7 |
261,1 |
265,1 |
|
Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету |
3 593,9 |
2 973,8 |
3 624,4 |
|
Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру |
495,9 |
415,7 |
436,5 |
|
Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту |
3 923,1 |
498,4 |
518,3 |
|
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту |
1 742,3 |
1 457,9 |
- |
|
Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу |
2,3 |
2,4 |
2,5 |
|
Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету |
162,0 |
- |
- |
|
Елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу |
2 154,0 |
- |
- |
|
Орал қаласының құрылыс бөлімі бойынша |
|||
|
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау |
5 475,0 |
- |
- |
|
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру |
3 382,6 |
801,6 |
- |
Көлік және коммуникация
2025 жылға арналған шығындар 8 761,3 млн.теңге сомасында жоспарланып отыр (2026 жылға –5 930,1 млн.теңге, 2027 жылға – 5 958,1 млн.теңге).
Көлік және коммуникация
млн. теңге
|
Атауы |
2025 |
2026 |
2027 |
|
Көлік инфрақұрылымын дамыту |
1 607,2 |
- |
- |
|
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
396,8 |
410,7 |
427,2 |
|
Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау |
5 231,8 |
5 231,7 |
5 231,7 |
|
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу |
1 525,4 |
287,6 |
299,1 |
Орал қаласының жергілікті атқарушы органының 2025-2027 жылдарға арналған резерві
млн.теңге
|
Атауы |
2025 |
2026 |
2027 |
|
Қаланың жергілікті атқарушы органының резерві |
3500,0 |
382,5 |
401,7 |
Кенттер мен ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері
млн.теңге
|
Атауы |
2025 год |
2026 год |
2027 год |
|
Бекітлеген бюджет |
Бекітлеген бюджет |
Бекітлеген бюджет |
|
|
Бюджеттің жалпы көлемі, оның ішінде: |
3 109,9 |
1 291,1 |
1 355,2 |
|
Кірістер, оның ішінде: |
1 005,1 |
414,8 |
435,5 |
|
салықтық түсімдер |
871,7 |
403,1 |
423,2 |
|
салықтық емес түсімдер |
0,9 |
3,2 |
3,4 |
|
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
132,5 |
8,5 |
8,9 |
|
Трансферттер түсімі |
1 687,4 |
0 |
0 |
|
субвенция |
417,4 |
876,3 |
919,6 |
|
Шығыстар |
3 265,1 |
1 291,1 |
1 355, 1 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
326,7 |
263,0 |
265,5 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
1 156,2 |
925,2 |
981,6 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
8,4 |
0 |
0 |
|
Көлiк және коммуникация |
1 761,6 |
102,9 |
108,0 |
|
Борышқа қызмет көрсету |
7,1 |
0 |
0 |
|
Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару |
5,1 |
0 |
0 |
|
Бюджет тапшылығы (профициті) |
-155,2 |
0 |
0 |
|
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары |
155,2 |
0 |
0 |