Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі есебі

Бөлім бойынша «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 және ҚР мәдениет және спорт министрінің м.а. "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" 2014 жылғы 28 қазандағы №56 бұйрығымен бекітілген Ереже (ҚР мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы №28 бұйрықпен өзгеріс енгізілді) негізінде көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Орал қаласының №1,2 бөлімдері және "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет электронды және қағаз түрінде тегін көрсетіледі.

2024 жылдың 4 тоқсанында БҚО бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталығы бойынша Орал қаласының №1,2 бөлімдері арқылы 115 және электронды үкімет порталы арқылы 20 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлығы - 135. Оның ішінде 1 мемлекеттік қызмет алушының құжаттары кері қайтарылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша БҚО бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталығы бойынша Орал қаласының №1,2 бөлімдері арқылы 528 және электронды үкімет порталы арқылы 96 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлығы - 623.

Бөлімде мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет анықталған жоқ, бөлім арқылы көрсетіліп отырған мемлекеттік қызметтерге қызметті алушылар тарапынан арыз, шағым болған жоқ.

2024 жылдың 30 желтоқсан күні мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тікелей эфир өткізілді. 

Дата публикации
05 января 2025