2024 жылдың қорытындысы бойынша Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын талдау

2024 жылда комиссияның 26 отырысы өтті 84 материал қаралып тындалды оның ішінде 74 кәмелетке толмағандардың жеке материалдары қаралды және 10 тақырыптық материал тындалды.

Ұсынған 74 материалдар: ішкі істер органдарының 32 ұсыныс, 1 комиссия хатшысымен және қорғаншылық органының ұсынысы, 1 ұсыныс балалар ауылы, мектептер мен колледждердің 40 ұсынысы (17 колледж, 23 мектеп). Сонымен қатар 10 профилактика субьектілерінің басшыларының есептері тыңдалды.

Комиссия отырыстарының хаттамаларын талдау:

– 31 материал сабақтарға ұзақ уақыт қатыспайтын кәмелетке толмаған балаларға қатысты қаралғанын көрсетті,

– 17 құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты,

– 12  ата-ана міндетін атқармайтын ата-аналарға қатысты,

– 10 арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу туралы,

– 1 мектеп Жарғысын бұзған кәмелетке толмағандарға қатысты,

– 3 балаға ата-анасы қатыгездік көрсеткен.

Қаланың білім беру мекемелерінде қадағалаусыз қалудың, балалардың мектепке дәлелсіз себептермен келмеуінің алдын алу мақсатында мектептердің сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтары және ювеналды полицияның мектеп инспекторлары оқушылардың сабақтарды өткізуіне күнделікті мониторинг жүргізеді, балаларды оқу процесіне қайтаруға шаралар қабылдайды.

18 заңды өкілге қатысты балаларының 10 және одан да көп күн ішінде оқу сабақтарын өткізіп алғаны үшін ҚР ӘҚБтК 409-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға материалдар жіберілді.

Панасыз және қараусыз қалған балаларды, жалпы білім беретін оқу орындарына дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарды, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ балалар еңбегін заңсыз пайдалану фактілерін анықтау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» және т.б. республикалық және өңірлік жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі.

Оқытудан жалтаратын, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасайтын, үйден жүйелі түрде өз бетінше кететін кәмелетке толмағандарға қатысты тәрбиелік ықпал ету шараларының бірі арнаулы білім беру ұйымдарына орналастыру болып табылады.

         2024 жылдың өткен кезеңінде БҚО Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының қаулысына сәйкес: девиантты мінез – құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына - 5  кәмелетке толмаған жіберілді.

         Комиссия қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі денсаулық жағдайына теріс әсер ететін және өміріне қауіп төндіретін өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау, сондай-ақ тәрбиесі физикалық, психикалық және моральдық жағынан теріс әсер ететін, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуден, оқытудан және күтіп-бағудан жалтаратын ата-аналарды немесе заңды өкілдерді анықтау болып табылады. Комиссия отырысында қаралғаннан кейін тұрмысы нашар отбасылар мен өмірлік қиын жағдайдағы балалар өңірлік деректер базасына енгізіледі. Бұдан әрі комиссияның жұмысқа орналастыру, кәмелетке толмағандар мен есепте тұрған отбасыларға өзге де көмек көрсету жөніндегі ұсынымдарының орындалуына мониторинг жүргізіледі.

         Ата-аналармен жұмыс отбасылардың қолайсыздығының барлық аспектілерін ескере отырып, жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Комиссия отырысы барысында заңды өкілдерге ата-ана міндеттерін орындау бөлігінде ҚР заңнамасы түсіндіріледі, отбасының қолайсыздығын жою жөніндегі шаралар ұсынылады, жағдайды түзету үшін белгілі бір мерзім беріледі. Комиссия мүшелері консультативтік және құқықтық көмек, ата-аналарға жұмысқа орналасуға, АӘК алу үшін құжаттар жинауға, медициналық мекемелерге жүгінуге және т.б. көмек көрсетеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша комиссия 125 балаға көмек көрсетті:

- 30 кәмелетке толмаған бала оқу орындарына қайтарылды;

- 3 ата-ана жұмысқа орналастырылды;

- 7 кәмелетке толмаған балаға қажетті медициналық көмек алуға;

- 16 кәмелетке толмаған балаға тұрмыстық және еңбек жағдайында көмек көрсетілді;

- 69 отбасына азық-түлік және т. б. түрінде көмек көрсету үшін демеушілер тартылды.

         Ата-аналарға жеке профилактика шаралары да қолданылады. Мәселен, 2024 жылдың 12 айында ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 380 (Абай-163, қала-154, Шаған-63) заңды өкіл жауапкершілікке тартылды.

         Жеке профилактика шаралары оң нәтиже бермеген жағдайда кәмелетке толмаған балаларға қатысты заңды өкілдердің ата-ана құқықтарынан айыру туралы мәселе қаралады.

         Мәселен, 2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша органдардың талап арызы бойынша: 1 балаға қатысты 1 ата-ана құқығын шектеу  шаралары қолданылды.Алты ай өткен соң ата-аналық құқығын қалпына келтірді.

         Комиссия мүшелері ювеналды полициямен бірлесіп рейдтік, жедел-профилактикалық іс-шараларға, дөңгелек үстелдерге, дәрістерге, ата-аналар жиналыстарына қатысады.

          Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың панасыздығы мен қадағалаусыз қалуының профилактикасы жүйесі органдарының өзара іс-қимылының нәтижесі өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларды, балаларды оңалтудың оң мысалдары болып табылады.

         Мүдделі ведомстволарды ақпараттандыру мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия жұмысының жай-күйі туралы мәліметтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жүйесі органдарына, сондай-ақ Орал қаласы әкімінің Веб-сайтына жіберіледі.

Дата публикации
06 января 2025