Орал қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі №2174 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзгеде жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН                                АКИМАТ ГОРОДА УРАЛЬСКА

                   ОБЛЫСЫ                                           ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ

         ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ                                                   ОБЛАСТИ

                  ӘКІМДІГІ                                                              

___________________________________________________________

           ҚАУЛЫ                                                       ПОСТАНОВЛЕНИЕ

                                         

2024 жылғы 30 желтоқсандағы №2901

 

Орал қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі

№2174 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға

байланысты жер учаскесін немесе өзгеде жылжымайтын

мүлікті мәжбүрлеп иеліктен  шығарудың басталуы туралы»

қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Орал қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі №2174 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзгеде жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

қаулының 2-тармағындағы мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 30 желтоқсанға дейін деп өзгертілсін.

  1. Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
  2. «Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының ол қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, Орал қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Халеловке жүктелсін.

 

 

Қала әкімі                                                         М. Байменов

Дата публикации
31 декабря 2024