Орал қалалық мәслихатының
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№7-2 «2024-2026 жылдарға
арналған қалалық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Орал қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға арналған бюджет мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 64 258 024 мың теңге:
салықтық түсімдер – 37 602 437 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 426 136 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 203 265 мың теңге;
трансферттер түсімі – 17 026 186 мың теңге;
2) шығындар – 71 113 156 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -343 361 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 343 361 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 6 511 771 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 511 771 мың теңге:
қарыздар түсімі – 13 185 136 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 8 529 081 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 855 716 мың теңге.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. 2024 жылға арналған қалалық бюджетте кенттер, ауылдық округ бюджеттеріне республикалық, облыстық және қалалық бюджеттер қаражат есебінен бөлінетін ағымдағы нысаналы және даму трансферттердің жалпы сомасы 4 267 148 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін. Аталған сомаларды кенттер, ауылдық округ бюджеттеріне бөлу Орал қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы органдарының резерві
5 716 179 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
|
|
|