Хабарландыру қамту саласын айқындау туралы Стратегиялық экологиялық бағалау

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалаудың (СЭБ) - (әсер ету скринингі) 2-кезеңін жүргізу үшін мынадай құжаттар (әрі – қарай материалдар) келіп түсті:

- түсіндірме жазба Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспарын түзету жобасы үшін қамту саласын айқындау.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: "ГРАДО"жобалау фирмасы "ЖШС

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: Бастамашы – «Орал қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы»

Әзірлеуге жауапты: Русанова Н. В.

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар бергені үшін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жұртшылықты (барлық мүдделі азаматтар мен заңды тұлғаларды) мынадай мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

1) Жобаны іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер ете ала ма және егер солай болса, онда бұл қандай әсер етеді және Сіз оларды неге елеулі деп есептейсіз?

2) Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халық денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неліктен?

3) Сіз СЭБ өткізу қажет деп есептейсіз бе? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неліктен?

4) Сізде Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 04 қарашадан 22 қарашаға дейін

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел. 8 707-6173174;  8 (7172) 74-08-90, 74-02-83

e-mail: : r.orynbasarova@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде:

- Экология министрлігі кеңсесінің эл.адресіне электронды түрде:

k.kense@ecogeo.gov.kz  (Сіздің құжаттарыңызды Кеңседе мына телефон арқылы алғанын міндетті түрде нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44);

- e-mail: r.orynbasarova@ecogeo.gov.kz:; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;

- «WhatsApp» нөміріне 8 707-6173174

 

СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі - «Негізгі құжаттар» бөлімі - «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Орал қаласы әкімдігінің сайтында

 

Дата публикации
04 ноября 2024