Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бап 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi.
Орал қалалалық прокуратурасының ұсынбасы негізінде Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 1024 қаулысы күшін жоюына байланысты жаңа редакцияда Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы әзірленді.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15221360
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15221360