Орал қаласы бойынша шетелдіктер
үшін 2025 жылға арналған туристік жарна
мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2025 жылы туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері- болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы Е.Қалиев
«Орал қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Орал қалалық мәслихатының шешімі жобасына түсіндірме жазба
«Орал қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Орал қалалық мәслихатының шешімі жобасы:
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (2-тарау 4 тармақ: "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туристік жарна мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың негізінде әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады; 5 тармақ: туристік жарнаға орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде ставка қолданылады);
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңына (6 баптың 2-10 тармағы: республикалық маңызы бар қалалар, астан, аудандар (облыстық маңызы бар қалалр) мәслихаттарының құзыретіне шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту жатады)сәйкес әзірленді.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15268185