Орал қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға арналған бюджет мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 64 391 800 мың теңге:
салықтық түсімдер – 37 736 213 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 426 136 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 203 265 мың теңге;
трансферттер түсімі – 17 026 186 мың теңге;
2) шығындар – 71 246 932 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -343 361 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 343 361 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 6 511 771 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 511 771 мың теңге:
қарыздар түсімі – 13 185 136 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 8 529 081 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 855 716 мың теңге.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. 2024 жылға арналған қалалық бюджетте жоғары тұрған бюджеттерден бөлінетін нысаналы трансферттердің қарастырылғаны ескерілсін:
республикалық бюджеттен жалпы сомасы 2 054 579 мың теңге:
«Spina bifida» диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарды бір реттік қолданылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге – 8 681 мың теңге;
мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 270 939 мың теңге;
санаторийлық-курорттық емдеуге – 16 213 мың теңге;
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 4 117 мың теңге;
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 1 254 629 мың теңге;
коммуналдық шаруашылығын дамытуға – 500 000 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жалпы сомасы 5 198 039 мың теңге:
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға – 4 149 993 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға – 1 048 046 мың теңге;
облыстық бюджеттен жалпы сомасы 9 758 543 мың теңге:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 293 572 мың теңге;
кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 80 934 мың теңге;
мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек – 116 668 мың теңге;
үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 106 098 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 1 508 111 мың теңге;
белсенді ұзақ өмір сүру орталығына – 38 221 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға – 3 343 036 мың теңге;
сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 1 833 056 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға – 286 093 мың теңге;
коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 778 954 мың теңге;
мемлекеттік органның күрделі шығыстарына -57 200 мың теңге;
әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беруге - 310 000 мың теңге;
автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге - 468 900 мың теңге;
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 537 700 мың теңге;
бюджеттік кредиттердің жалпы сомасы 13 185 136 мың теңге:
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға – 12 022 848 мың теңге;
кредит беру тұрғын үй сатып алуға – 1 162 288 мың теңге.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. 2024 жылға арналған қалалық бюджетте кенттер, ауылдық округ бюджеттеріне республикалық, облыстық және қалалық бюджеттер қаражат есебінен бөлінетін ағымдағы нысаналы және даму трансферттердің жалпы сомасы 4 329 998 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін. Аталған сомаларды кенттер, ауылдық округ бюджеттеріне бөлу Орал қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы органдарының резерві
5 566 179 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.