«Орал қаласында 2025 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Орал қалалық мәслихатының шешімі жобасына түсіндірме жазба

«Орал қаласында 2025 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Орал қалалық мәслихатының шешімі жобасы 2017 жылғы  25 желтоқсандағы №120 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес әзірленді.

Кодекстің 77-2-тарау 696-3-бабының

- 3 тармағына сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимі, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді;

- осы баптың 4 тармағының екінші абзацына сәйкес егер осы тармақтың үшінші абзацында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша -4%;

- осы баптың 5 тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың осы баптың 4-тармағының екінші абзацында белгіленген  мөлшерлемені қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне қарай 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқығы бар және мөлшерлеме мөлшерін азайту туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ол қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15228431#1

Дата публикации
10 октября 2024