БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ОРАЛ ҚАЛАСЫ ДЕРКӨЛ КЕНТІ ӘКІМІ БОЛУҒА КАНДИДАТТАРДЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ПІКІРСАЙЫСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ОРАЛ ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

2024 жылғы 20  мамыр                                                               № 4

Орал қаласы                                                                     город Уральск

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Орал қаласының  аумақтық сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Деркөл кенті әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 30 мамыр күні сағат 18.00-де Деркөл кентіндегі "№48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. Осы шешім Деркөл кенті әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  3. Осы шешім қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  4. Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Н.Оразаевқа жүктелсін.
  5. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

              Төраға                                          М. Давлетжанов

 

Дата публикации
20 мая 2024