Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 3 қаулысы

Қазақстан Республикасы

Батыс Қазақстан облысы  Орал қаласы

Деркөл кенті әкімі сайлауын 2024 жылғы 2 маусымға

тағайындау туралы

 

 

   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 8-1)- тармақшасына, 113-1-бабының 1 тармағының 1 тармақшасына және 2 тармағына сәйкес, Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Деркөл кенті әкімі сайлауы 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған Орал қаласы Деркөл кенті әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкс өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Орал қаласының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы Орал қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында және сайлауды тағайындау туралы хабарлама қалалық «Жайық үні», «Пульс» газеттерінде жариялансын.

 

 

Төраға                                              М.Давлетжанов

 

Хатшы                                             Ә. Жумина

Дата публикации
24 апреля 2024