«Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, 2024 жылдың 11 наурызынан бастап 27 наурызына дейін 10 жұмыс күн ішінде Бірыңғай экологиялық порталда (ecoportal.kz) «Қала шекарасының кеңеюіне байланысты Орал қаласы аумағында орналасқан мемлекеттік орман қорындағы жерлерді орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру туралы» жобасы бойынша қоғамдық талқылау түрінде қоғамдық тыңдау өтетіндігін хабарлайды.
Ескертулер мен ұсыныстар беру үшін жобалық құжаттамамен Бірыңғай экологиялық порталда (ecoportal.kz) танысуға болады.
Жоспарланған іс-шаралардың бастамашысы: «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ-сі БҚО, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 182/1 БСН 060240008449, электрондық пошта мекенжайы: zemelni.otdel@bko.gov.kz телефон 8 (7112) 51-47-35.