Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 41 856 383 мың теңге:
салықтық түсімдер – 24 762 334 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 547 783 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 886 651 мың теңге;
трансферттер түсімі – 11 659 615 мың теңге;
2) шығындар – 52 921 909 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -343 361 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 343 361 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -10 722 165 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 10 722 165 мың теңге:
қарыздар түсімі – 16 315 240 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 5 593 075 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
1) корпоративтік табыс салығы қалалық бюджетке 50% мөлшерде есепке алынады;
2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы қалалық бюджетке 10% мөлшерде есепке алынады;
3) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы қалалық бюджетке 100% мөлшерде есепке алынады;
4) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы қалалық бюджетке 10% мөлшерде есепке алынады;
5) әлеуметтік салық қалалық бюджетке 10% мөлшерде есепке алынады.