Орал қаласының 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

 

Бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Осы Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет болып табылады.

Бюджет процесi – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, мемлекеттiк органдардың бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi.

Жергілікті бюджет Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 2014 жылдың 31 қазандағы №470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-бабына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қаланың ) бюджеті ауданның (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.

Дата публикации
08 января 2024