«Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы» ММ-нің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бойынша азаматтық бюджет

 «Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2020 жылғы 13 наурызда құрылды.

Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №7-2  ««2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне сәйкес бюджеттің жалпы шығысы 46 151,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде бағдарламалар бойынша:

Бюджеттік бағдарлама 454 001 000 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»: Бюджеттік бағдарлама жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына қол жеткізу үшін штат саны 6 бірлік аппаратты ұстауға (1 бөлім басшысы, 1 бас маман-бухгалтер, 1 Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы секторының меңгерушісі, 3 Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің  бас мамандары және 5 штаттан тыс қызметкер (хатшы, іс жүргізуші-мұрағатшы, статист, көшіруші, жүргізуші) қаржыландыру мамандардың және штаттан тыс қызметкерлердің негізгі жалақысын, жалақыдан аударымдарды, негізгі қызметкерлердің өтемақылық төлемдерін, тиісінше салықтар, автокөлікті ұстау – 1 бірлік.

  015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша: Бюджеттік бағдарлама жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына қол жеткізу үшін штат саны 6 бірлік аппаратты ұстауға (1 бөлім басшысы, 1 бас маман-бухгалтер, 1 Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы секторының меңгерушісі, 3 Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің  бас мамандары және 5 штаттан тыс қызметкер (хатшы, іс жүргізуші-мұрағатшы, статист, көшіруші, жүргізуші) қаржыландыру мамандардың және штаттан тыс қызметкерлердің негізгі жалақысын, жалақыдан аударымдарды, негізгі қызметкерлердің өтемақылық төлемдерін, тиісінше салықтар, автокөлікті ұстау – 1 бірлік. , байланыс қызметіне, ел ішінде ақы төлеу, оргтехниканы жөндеу, 1С қызметтері, «Парус-КАЗ.Бюджет» бағдарламалық өніміне қызмет көрсету (Бюджеттік қаржыландыру), өзге де тауарларды сатып алу, оның ішінде: кеңсе тауарлары, оргтехника мен автокөлік қосалқы бөлшектерін сатып алу және орнату қызметтерін қамтиды.  (Бюджеттік қаржыландыру), (Бюджеттік өтінім) – 40 796,0 мың теңге.

  011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» кіші бағдарламасы бойынша: Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 5 штаттан тыс қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге қаражат – 5,0  мың теңге.

Бюджеттік бағдарлама 454 006 000 – «Кәсіпкерлік қызметті қолдау»

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

- «Сапалы өнім - 2024» көрмесін өткізу. Көрменің басты мақсаты-қаланың шағын және орта бизнесін қолдау. Жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын ұсына және сата отырып өзге кәсіпкерлердің өнімімен танысу, кәсіпорындарға инвесторлар мен бизнесті қолдау құрылымдарының назарын аудару. Көрме қазіргі немесе жақын уақытта өндіріске енгізілуі мүмкін сапалы өнімдерді, жаңа технологияларды, инновациялық шешімдерді анықтауға бағыттауға – 5 350,0 мың теңге.

Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижесі: қала кәсіпкерлерінің тамақ өнеркәсібі саласындағы жұмысын жандандыру, осы кәсіпкерлік саласының өкілдері арасында тәжірибе, жаңа идеялар алмасу мүмкіндігін беру, жергілікті тауар өндірушілердің оң имиджін қалыптастыру, әлеуетті клиенттермен тікелей байланысты жүзеге асыру, қала тұрғындары мен қонақтарын қаланың тамақ өнеркәсібі саласындағы қызметі туралы хабардар ету. Көрмеге кемінде 10 тауар өндірушісі және 150 адамнан кем емес халық қатыса алады.

мың теңге   

Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезең

2024

2025

2026

011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен»

мың теңге

5,0

0,0

0,0

015 «Жергілікті  бюджет қаражаты есебінен»

мың теңге

40796,0

41794,0

41988,0

006 «Кәсіпкерлік қызметті қолдау»

мың теңге

5350,0

0,0

0,0

Жалпы бюджеттік кіші бағдарламалар бойынша шығыстар

мың теңге

46151,0

41794,0

41988,0

 

 

Дата публикации
29 декабря 2023