Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия – бұл мемлекеттік органдар мен мекемелердің кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы жұмысын үйлестіретін, отырыстар өткізу арқылы жүзеге асырылатын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.
Комиссия 2 негізгі функцияны жүзеге асырады: бұл кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін, ең алдымен, заңды өкілдер, сондай-ақ басқа да адамдар тарапынан оларға қол сұғудан қорғау және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу.
Орал қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясының құрамына әртүрлі ведомстволардың (ішкі істер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қорғау органдары, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ) 20 өкілі кіреді. Комиссия құрамы Орал қалалық мәслихатының шешімімен бекітілген.
Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде отырыстар өткізу арқылы (айына кемінде 2 рет) жүзеге асырылады.
2023 жылда комиссияның 24 отырысы өтті оның ішінде 77 жеке материал қаралды және 19 тақырыптық материал. Ұсынған материалдар: ішкі істер органдарының 49 ұсыныс, 1 өтініш арқылы түскен ұсыныс, қорғаншылық органының 1 ұсыныс, 1 ұсыныс балалар ауылы, мектептер мен колледждердің 25(10 колледж, 15 мектеп) ұсынысы және 19 профилактика субьектілерінің басшыларының есептері тыңдалды.
Комиссия отырыстарының хаттамаларын талдау:
– 24 материал сабақтарға ұзақ уақыт қатыспайтын кәмелетке толмаған балаларға қатысты қаралғанын көрсетті;
– 24 материал құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты;
– 21 материал ата-ана міндетін атқармайтын ата-аналарға қатысты;
– 7 материал девиантты және құқыққа қайшы мінез-құлықты кәмелетке толмағандарға қатысты арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу туралы;
– 1 материал мектеп Жарғысын бұзған кәмелетке толмағандарға қатысты.
Қаланың білім беру мекемелерінде қадағалаусыз қалудың, балалардың мектепке дәлелсіз себептермен келмеуінің алдын алу мақсатында мектептердің сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтары және ювеналды полицияның мектеп инспекторлары оқушылардың сабақтарды өткізуіне күнделікті мониторинг жүргізеді, балаларды оқу процесіне қайтаруға шаралар қабылдайды.
5 заңды өкілге қатысты балаларының 10 және одан да көп күн ішінде оқу сабақтарын өткізіп алғаны үшін ҚР ӘҚБтК 409-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға материалдар жіберілді.
Ата-аналарға жеке профилактика шаралары да қолданылады. Мәселен, 2023 жылдың 12 айында ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 185(Абай-78, қала-70, Шаған-37) заңды өкіл жауапкершілікке тартылды.
Аталған мәселе бойынша қаралған оқушылар білім беру ұйымдарында оқуды жалғастырғанын атап өткен жөн.
Панасыз және қараусыз қалған балаларды, жалпы білім беретін оқу орындарына дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарды, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ балалар еңбегін заңсыз пайдалану фактілерін анықтау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» және т.б. республикалық және өңірлік жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі.
Оқытудан жалтаратын, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасайтын, үйден жүйелі түрде өз бетінше кететін кәмелетке толмағандарға қатысты тәрбиелік ықпал ету шараларының бірі арнаулы білім беру ұйымдарына орналастыру болып табылады.
2023 жылдың өткен кезеңінде БҚО Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының қаулысына сәйкес: девиантты мінез – құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына – 2 кәмелетке толмаған жіберілді;
Жеке профилактика шаралары оң нәтиже бермеген жағдайда, кәмелетке толмаған балаларға қатысты заңды өкілдердің ата-ана құқықтарынан айыру туралы мәселе қаралады. 2023 жылы комиссия ұсынысы бойынша қорғаншылық органдарының талап арыз берді: 19 балаға қатысты 12 ата-ананың ата-аналық құқықтарын шектеуге ұсынылды. Қазіргі таңда 5 материал сот қарауында, 1 талап арыз қараусыз қалдырылды, 6 ата-ананы сот шешімімен ата-аналық құқықтарын шектеді.
Комиссия қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі денсаулық жағдайына теріс әсер ететін және өміріне қауіп төндіретін өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау, сондай-ақ тәрбиесі физикалық, психикалық және моральдық жағынан теріс әсер ететін, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуден, оқытудан және күтіп-бағудан жалтаратын ата-аналарды немесе заңды өкілдерді анықтау болып табылады. Комиссия отырысында қаралғаннан кейін тұрмысы нашар отбасылар мен өмірлік қиын жағдайдағы балалар өңірлік деректер базасына енгізіледі. Бұдан әрі комиссияның жұмысқа орналастыру, кәмелетке толмағандар мен есепте тұрған отбасыларға өзге де көмек көрсету жөніндегі ұсынымдарының орындалуына мониторинг жүргізіледі. Комиссия хатшысы өмірлік қиын жағдайдағы балалардың, қолайсыз отбасылардың өңірлік деректер базасын жүргізеді. Мәселен, Орал қаласы бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың өңірлік деректер базасында 84 бала мен 89 қолайсыз отбасы есепте тұр. Ата-аналармен жұмыс отбасылардың қолайсыздығының барлық аспектілерін ескере отырып, жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Комиссия отырысы барысында заңды өкілдерге ата-ана міндеттерін орындау бөлігінде ҚР заңнамасы түсіндіріледі, отбасының қолайсыздығын жою жөніндегі шаралар ұсынылады, жағдайды түзету үшін белгілі бір мерзім беріледі. Комиссия мүшелері консультативтік және құқықтық көмек, ата-аналарға жұмысқа орналасуға, АӘК алу үшін құжаттар жинауға, медициналық мекемелерге жүгінуге және т.б. көмек көрсетеді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша комиссия мүшелерімен 193 балаға көмек көрсетті:
– 10 кәмелетке толмаған бала оқу орындарына қайтарылды;
– 2 ата-ана жұмысқа орналастырылды;
– 2 ата-ана психикалық денсаулық орталығында алкогольге тәуелділіктен емделуде;
– 15 отбасына АӘК, тегін тамақтандыруды ресімдеуге;
– 5 кәмелетке толмаған балаға қажетті медициналық көмек алуға;
– 10 кәмелетке толмаған балаға тұрмыстық және еңбек жағдайында көмек көрсетілді;
– 158 отбасына азық-түлік және т. б. түрінде көмек көрсету үшін демеушілер тартылды.
Комиссия мүшелері ювеналды полициямен бірлесіп рейдтік, жедел-профилактикалық іс-шараларға, дөңгелек үстелдерге, дәрістерге, ата-аналар жиналыстарына қатысады, мүдделі ведомстволардың қызметкерлерімен әдістемелік жұмыс жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың панасыздығы мен қадағалаусыз қалуының профилактикасы жүйесі органдарының өзара іс-қимылының нәтижесі өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларды, балаларды оңалтудың оң мысалдары болып табылады.
Мүдделі ведомстволарды ақпараттандыру мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия жұмысының жай-күйі туралы мәліметтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жүйесі бөлімдеріне, сондай-ақ Орал қаласы әкімінің Веб-сайтына жіберіледі.