2024-2026 жылдарға арналған Зачаган кентінің бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Орал қалалық мәслихат ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Орал қаласының Зачаган кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 536 848 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 296 649 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 1 977 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі – 238 222 мың теңге;

         2) шығындар – 536 848 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

  бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

          қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

          қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2024 жылға Зачаган кентінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қалыптастырылады.
  2. 2024 жылға Зачаган кентінің бюджетінде қалалық бюджеттен берілетін субвенция көлемінің жалпы сомасы 238 222 мың теңге түсімдері қарастырылғаны ескерілсін.
  3. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын мен қызметтерді тауарлармен өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі белгіленген тәртіпте пайдаланылады.
  4. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
13 декабря 2023