2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға арналған бюджет мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 19 342 520 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 15 884 061 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 547 783 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 267 732 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 1 642 944 мың теңге;

         2) шығындар – 19 342 520 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

         қарыздар түсімі – 0 теңге;

         қарыздарды өтеу – 0 теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2024 жылға арналған қалалық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және осы шешімнің 4 тармағына сәйкес қалыптастырылады.
  2. Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының жобасы басшылыққа алынсын.
  3. 2024 жылға арналған облыстық мәслихатпен белгіленген кірістерді бөлу нормативі төмендегі ерекшеліктер бойынша есептелсін:

          1) корпоративтік табыс салығы қалалық бюджетке 50% мөлшерде есепке алынады;

          2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы қалалық бюджетке 100% мөлшерде есепке алынады.

  1. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен белгіленген тәртіпте пайдаланылады.
  2. Абсолютті көріністегі 2024 жылға арналған қалалық бюджеттен кенттік, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенция көлемдері 817 565 мың теңге сомада белгіленсін:

Зачаган кенті – 238 222 мың теңге;

Круглоозерный кенті – 176 372 мың теңге;

Желаев ауылдық округі – 86 365 мың теңге;

Деркөл кенті – 316 606 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған қалалық бюджетке төмен тұрған бюджеттерден бюджеттік алымдар қарастырылмайды деп белгіленсін.
  2. 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы органдарының резерві
    353 954 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шешім
Дата публикации
13 декабря 2023