2023 жылдың 10 желтоқсан күні Орал қаласы Желаев ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармағы, 44 бабының 4 тармағы және 113-10 бабына сәйкес, Орал қаласы Желаев ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияның хаттамасы негізінде Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы анықтады:
Желаев сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1787 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 559 сайлаушы дауыс берген. Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны – 3, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 27.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
А.Т. Бисимбалиевқа - 479 (93,7 %);
М.Х. Сахасовқа - 23 (4,5 %);
Т.Ж. Уалитхановқа - 9 (1,8 %).
«Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны - 1.
Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердың саны – 47.
Бисимбалиев Арман Тлекешевич, 1977 жылы туған, Орал қаласы Желаев ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін- өзі ұсынды, Желаев ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы