Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 14 тамызындағы № 49 - 2 «Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібі, шекті толтырылу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Орал қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 14 тамыздағы № 49 - 2 «Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібі, шекті толтырылу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің  қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Дата публикации
07 декабря 2023