Орал қалалық мәслихатының
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№22-2 «2023-2025 жылдарға
арналған қалалық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Орал қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға арналған бюджет мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 55 181 571 мың теңге:
салықтық түсімдер – 25 294 652 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 437 555 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12 041 047 мың теңге;
трансферттер түсімі – 17 408 317 мың теңге;
2) шығындар – 56 886 105 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 704 534 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 704 534 мың теңге:
қарыздар түсімі – 9 889 586 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 8 664 345 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 479 293 мың теңге.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. 2023 жылға арналған облыстық мәслихатпен белгіленген кірістерді бөлу нормативі төмендегі ерекшеліктер бойынша есептелсін:
1) корпоративтік табыс салығы қалалық бюджетке 50% мөлшерде есепке алынады;
2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы қалалық бюджетке 15 47% мөлшерде есепке алынады;
3) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы қалалық бюджетке 100% мөлшерде есепке алынады;
4) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы қалалық бюджетке 15,47% мөлшерде есепке алынады;
5) әлеуметтік салық қалалық бюджетке 15,47% мөлшерде есепке алынады .»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. 2023 жылға арналған қалалық бюджетте жоғары тұрған бюджеттерден бөлінетін нысаналы трансферттердің қарастырылғаны ескерілсін:
республикалық бюджеттен жалпы сомасы 9 265 655 мың теңге:
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға – 6 457 757 мың теңге;
сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 900 000 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға – 100 000 мың теңге;
оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз етуге – 1 358 мың теңге;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алуға – 1 708 800 мың теңге;
коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 97 740 мың теңге;
облыстық бюджеттен жалпы сомасы 5 264 168 мың теңге:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 380 800 мың теңге;
кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 72 631 мың теңге;
үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 68 893 мың теңге;
оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз етуге – 1 260 054 мың теңге;
жұмыспен қамту бағдарламасы – 312 628 мың теңге;
белсенді ұзақ өмір сүру орталығына – 31 315 мың теңге;
тұрғын үй сертификаттарын беруге – 31 000 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға – 765 111 мың теңге;
коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 153 951 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға – 153 514 мың теңге;
сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 993 168 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге – 1 011 103 мың теңге;
мемлекеттік органның күрделі шығыстарына – 30 000 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жалпы сомасы 2 874 020 мың теңге:
коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 539 273 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға – 468 201 мың теңге;
сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 1 866 546 мың теңге;
бюджеттік кредиттердің жалпы сомасы 9 889 586 мың теңге:
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға – 9 889 586 мың теңге.»;
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. 2023 жылға арналған қалалық бюджетте кенттер, селолық округ бюджеттеріне нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 1 781 006 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін. Аталған сомаларды кенттер, селолық округ бюджеттеріне бөлу Орал қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. 2023 жылға арналған жергілікті атқарушы органдарының резерві
618 220 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
|
|
|
Орал қалалық
мәслихатының төрағасы Е.Калиев