Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзгеде жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексін, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және «Орал қаласының Зачаганск кенті» мемлекеттік мекемесінің хаты, 2023 жылғы 09 қарашадағы №46 жер комиссиясының оң қорытындысы және  мен 2023 жылғы 04 қазандағы №254 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негiзiнде қала әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. өтетін жолға қызмет көрсету үшін Батыс Қазақстан облысы, Зачаганск кенті, Жәңгір Хан көшесі, «Жайдарман» сауда үйі мен «NS» дәріханасының арасындағы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 қаңтарға дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 182/1, 20 кабинет болып белгіленсін.
  4. «Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының ол қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, Орал қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  5. «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
  • меншік иесін жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар етсін;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Кульбаевқа жүктелсін.

 

 

Қала әкімі                                             М. Сатқанов

 

 

Орал қаласы әкімдігінің

2023 жылғы «10» «қазан»  №2214

қаулысына қосымша

 

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жатқызылған жер учаскесі немесе өзге де жылжымайтын мүлік

 

№

Мүліктің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің жалпы алаңы, га

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

1

Смагулова Кулайм Касеновна

Зачаганск кенті, Жәңгір Хан көшесі, 50/2-құрылыс

0,0138

08-130-058-685

 

 

ИТОГО:

 

 

0,0138

 



Дата публикации
03 ноября 2023