2023 жылғы 13 қыркүйек №1979
Орал қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 мамырдағы
№1176 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзгеде жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Орал қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 мамырдағы №1176 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзгеде жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының 2-тармағындағы мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 30 тамызына дейін деп өзгертілсін.
- Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
- «Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының ол қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, Орал қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Кульбаевқа жүктелсін.
Қала әкімі М.Сатқанов