2023 жылдың қала бюджетінің жоспары 63 691,5 млн. теңгені құрайды, соның ішінде:
-республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер–12 139,7 млн. теңге;
-облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер – 13 914,5 млн. теңге;
-қалалық бюджет есебінен – 34 964,9 млн. теңге;
-кент, ауылдық округ бюджеттері есебінен-2 672,4 млн. теңге.
Орал қаласы бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне бюджеттің жоспары 26 889,7 млн. теңгені құрады.
Есепті уақытқа қала бюджетінің шығыстары 100% орындалды, игерілмегені 10,4 млн. теңге, соның ішінде:
республикалық бюджеттен 0 млн.теңге,
облыстық бюджеттен 7,1 млн.тенге,
қалалық бюджеттен 2,4 млн.теңге,
кент, ауылдық округ бюджеттен 0,9 млн. теңге.
Түсімдер бойынша жоспар 109,4% орындалды немесе 29 419,3 млн. теңге түсім түсті.