Орал қаласының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі
ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
АНЫҚТАМАЛЫҚ
Қаңтар-мамыр
2023 жыл
ӨНЕРКӘСІП
Кәсіпорындардың көтерме бағадағы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі
млрд. теңге
2023 жылдың 1 маусымына өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 109,2 млрд.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 112% құрады, оның ішінде:
тау-кен өндірісі – 2,1 млрд.теңге, индекс 238,4%;
өңдеу саласында-76,8 млрд.тенге, 114,4%;
электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 26,6 млрд.теңге, 105,9%;
сумен қамту,кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 3,7 млрд.теңге, 111,9%.
Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі 70%.
Былтырғы жылмен салыстырғанда бүкіл салада өсу байқалады, атап айтқанда: өңдеу саласында-14%, соның ішінде: металлургия өнеркәсібінде 43%-ке, жиһаз-27%, жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту-8,1%, тамақ өнімдерін өндіру 4,4%, сусындар өндіру- 24%, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру-39%, машина жасау 25%.
Сонымен бірге, электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 26,6 млрд.теңгені құрап, былтырғы жылға 105,9% құрап отыр.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 3,7 млрд.теңге құрады, ол былтырғы жылдың индексінен салыстырғанда 112% құрап отыр.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
бас
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қаланың аграрлық секторында 56 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде–1 мемлекеттік кәсіпорын (сорт сынау бойынша инспектура), 15 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 33 шаруа қожалығы, 2 ауылшаруашылығы кооперативі. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және соның тек қана 12%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.
2023 жылдың қаңтар-мамыр айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2936,6 млн. теңгені құрады, өткен жылғымен салыстырғанда 94,6% құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру – 412 млн. теңгені құрайды(94%), мал шаруашылығы – 2524,3 млн.теңге(100%) құрады.
2023 жылдың қаңтар-мамыр айында былтырғы 2022 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда сиыр 2497 бас немесе 116%, қой -8022 бас немесе 119%-ға, жылқы 1167 бас немесе 121%-, шошқа-415 бас немесе 164,1% құрады.
Сондай-ақ, есепті кезеңге ет өндірісі -81,3%, сүт өндірісі- 100,1%, жұмыртқа өндірісі 95,2% құрап отыр.
Тұрғындарды көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 145,8 мың шаршы метр болатын 5 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.
КӨЛІК
Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық тасымалдаудан негізгі үлесті 99% астамын автомобиль көлігі алады.
Орал қаласының қоғамдық көлігі 27 қалалық, 10 саяжай және 6 қала маңындағы бағыттағы маршруттармен қамтылған. Қазіргі таңда күн сайын тұрғындарға қызмет көрсету үшін 280 ге жуық бірлік техника, яғни автобус желіге шығады.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде жолаушылар көлігі жұмысының экономикалық тиімділігін арттыру, жергілікті бюджетке қосымша салық түсімдерін алу мақсатында, «Аvtobys» бағдарламалық өнімін пайдалана отырып, көрсетілген жолаушылар тасымалы қызметтерінің санын бақылауды күшейту мақсатында, сондай-ақ жолаушылар тарапынан қоғамдық көлікте жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу тәсіліне тартымдылықты арттыру үшін Орал қаласында билеттеудің электрондық жүйесі енгізілді.
Электрондық жүйе QR-код, банктік карталармен, арнайы көлік карталары бойынша төлемді қабылдайды.
Электрондық төлем жүйесін тиімді жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап сараланған тариф енгізілді, қолма-қол ақшасыз төлеу-80 теңге, ал қолма қол төлеу-150 теңге тұрады.
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК
2023 жылдың 1 маусымына қаладағы есепті деректер бойынша 38 924 шағын және орта кәсіпкерлік (әрі қарай-ШОК) субъектісі тіркелген, (соның ішінде 7 420 заңды тұлға, 31 504 жеке кәсіпкерлер), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,7%-ға өскен.
Тіркелген ШОК субъектілері ішінде 35 133 (5 755 заңды тұлға, 29 378 жеке кәсіпкер) қолданыста, яғни тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 90,3% құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40,3%-ға өскен.
2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ШОК саласында еңбек ететіндер саны 81 999 адамды құрайды, 2022 жылдың 1 қаңтарына 13,5%-ға өскен.
ШОК субъектілерімен 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 661 426 млн.теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді немесе 2021 жылдың осы кезеңіне 106,6% құрайды.
2023 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінен республикалық бюджетке төленген салық көлемі 38 048,0 млн.теңге, жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 19 292,4 млн.теңге.
2023 жылдың қаңтар-мамыр айында ШОК субъектілеріне 162(200,8га) жер учаскелері бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны - 65(10,6га).
Сонымен қатар 302 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, сонын ішінде: бала бақша, 6 дүкен, сұлулық салоны, емхана және кеңсе бар.
САУДА млн. теңге
САУДА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ
2023 жылдың қаңтар-мамыр айында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 157 110,2 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңіне бөлшек сауданың нақт көлем индексі 107,7%-ды құрап отыр.
Бөлшек сауданың құрылымында азық-түлік тауарларының көлемі 10,4% немесе 16 261,1 млн. теңгені құрап отыр. Азық-түлік емес тауарлар көлемі 89,6% немесе 140 849,1 млн. теңгені құрап отыр.
Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде 180 417,7 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көтерме сауданың нақты көлем индексі 129,5%-ды құрады.
2023 жылдың 1 маусымына тауар қорларының көлемі: көтерме саудада – 41 002,4 млн.теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 28 145,9 млн.теңге құрап отыр.
2023 жылдың 1 маусымына қалада 66 ірі сауда үйлері, 1823 дүкендер мен дүңгіршектер, 18 базар жұмыс істейді.
Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 538 объект, 260 шаштараз, киім тігу мен жөндеу бойынша 71 ателье, 272 авто шеберхана, 165 дәріхана, 39 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 41 ірі монша мен сауналар (соның ішінде 7-уі ірі моншалар )бар.
БАҒАЛАР
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы тұтыну құн индексі 2023 жылдың мамыр айында өткен аймен салыстарғанда 100,7%, 2022 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 104,5% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құн индексі 100,8% сәйкесінше 105,5% құрап отыр.
2023 жылғы мамырда азық-түлік тауарларының баға индексі 100,8% құрады. Балық және теңіз өнімдерінің бағалары - 0,8%, темекі өнімдері - 0,9%, алкогольсіз сусындар - 1%, макарон өнімдері 1,1%, нан өнімдері мен жармалар - 1,4%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері - 1,5%, жемістер мен көкөністер, сүт өнімдері - 2,6%, алкогольді ішімдіктер 2,9% өсті. Май және тоң май бағасы - 0,6%, жұмыртқа 12% арзандады.
2023 жылғы мамырда азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,6% өсті. Үй тұрмысына қажетті заттар, жуғыш және тазалағыш құралдар бағалары - 0,3%, жеке пайдалануға арналған басқа тауарлар, киім және аяқ киім - 0,4%, тұрмыстық бұйымдар - 0,5%, бензин 4,7% қымбаттады. Фармацевтикалық өнімдер бағасы - 0,2%, дизель отыны 0,4% арзандады.
2023 жылғы мамырда ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 0,4% өсті, бұл демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтері бағаларының - 4,2%, әуе жолаушылар көлігі қызметі 15,3% өсуімен байланысты болды. Сақтандыру қызметі 3,1% арзандады.
.
НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ
млн. теңге
ИНВЕСТИЦИЯ
2023 жылдың қаңтар-мамыр айына негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 33274 млн. теңгені құрап, былтырғы жылға 111,8% құрап отыр.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 5926,5 млн. теңге (2022 жыл-1734,3 млн теңге).
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 6864,1 млн. теңге (2022 жыл-1290,7 млн теңге).
Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің 60% тиесілі немесе 19901,2 млн. теңге(2022 жыл-24150,4 млн теңге).
Банктердің кредиттері есебінен инвестициялар 582 млн. теңге құрады(2022 жыл-1811,2 млн теңге).
Қаланың негізгі капиталға тартылған инвестицияның құрамы келесідей:
ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары -85% немесе 28519,2 млн. теңге;
машиналар, жабдықтар, құралдар-13% немесе 4404 млн теңге;
басқа шығындар-2% немесе 350,8 млн теңге.
Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі –8675,9 млн.теңге құрады, былтырғы жылға 41,9% құрап отыр.
Жалпы облыстық құрылыс жұмыстарының көлемінде қаланың үлесі 15,8% құрап отыр.
Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 158,7 мың. шаршы метр құрайтын 1188 пәтер іске қосылды, былтырғы жылға 92,6% құрап отыр.
Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 15534,9 млн.теңге бағытталды (былтырғы жылға-121,5%) соның ішінде: жұртшылық есебінен-6305,9 млн.теңге.
Тұрғын үйдің жалпы алаңынын 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 101,5 мың теңге құрады,былтырғы жылға- 110,2%.
БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ млн.теңге
БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ
2023 жылғы қаңтар-мамыр айындағы есеп бойынша мемлекеттік бюджетке қала контингентінен – 84318,6 млн. теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке контингентте – 35386 млн.теңге және аударымдарда – 15414,2 млн. теңге түсті, бұл жалпы салық базасынан тиісінше – 42% және 18,3% құрайды.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджет кірістерінің өсу қарқыны контингентте – 140,4%, оның ішінде республикалық салықтар бойынша-140,6% құрады.
2023 жылдың қаңтар-мамыр айына қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық 108,2% орындалды немесе жоспар бойынша – 21984,1 млн.теңге, нақты түскені – 23781,6 млн. теңге.
Жеке салықтар мен алымдардан (азаматтарға пәтерлерді сатудан түскен қаражат түсімдерін есептемегенде) түскен кірістер бойынша жоспар бойынша – 10192,6 млн.теңге, іс жүзінде қала қазынасына – 14154,6 млн. теңге түсті(138,9%).
Реттелетін салықтар бойынша жоспар 168,2% – ға орындалды немесе жоспар – 4762,5 млн.теңге, нақты түскені –8012 млн. теңге, оның ішінде корпоративтік салық бойынша жоспар – 140,2%, жеке табыс салығы бойынша- 206,8% , әлеуметтік салық бойынша орындалу-182,1% құрады.
Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша жоспар 113,2% орындалды немесе жоспар бойынша – 4888 млн.теңге, іс жүзінде қалалық бюджетке-5534,3 млн. теңге түсті.
2023 жылғы 01.06. жағдай бойынша реттелетін салықтар бойынша түсімдер – 8012 млн.теңгені құрады немесе аударымдардың белгіленген нормативтерін ескере отырып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 3813,4 млн. теңгеге өсті.
2023 жылға реттелетін салықтар бойынша аударымдар нормативі мынадай мөлшерде бекітілді, атап айтқанда корпоративтік салық бойынша -50%, ЖТС (101201 және 101205) бойынша – 3%, ЖТС (101202) бойынша – 100% және әлеуметтік салық бойынша - 3%, бұрын қолданыстағылардың орнына – 14%, 17,5% .Тиісінше 100% және 17,5%.
Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша 2023 жылғы 1 маусымына түсімдердің өсу қарқыны өткен 2022 жылғы ұқсас деңгейге қатысты 2,6 есеге өсті, негізінен 105429 "жергілікті бюджетке есептелетін тіркеу алымы" коды есебінен.
01.06.2023 жылғы жағдай бойынша салық берешегінің жалпы сомасы контингентте (республикалық салықтарды ескере отырып) – 3,1 млрд.теңге мөлшерінде қалыптасты, оның ішінде қалалық бюджет бойынша, аударымдарда белгіленген есептеу нормативтері кезінде берешек сомасы – 969 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты.
БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫ
Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 98% орындалды немесе жоспарланған 20011,6 млн. теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 19614,3 млн. теңге құрады:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 792,2 млн. теңге жоспарланса, одан 781,6 млн. теңге немесе 98,7% игерілді;
- қорғаныс саласына 33,7 млн теңге жоспарланып, 28,8 млн. теңге немесе 85,4% орындалды;
- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 251,1 млн теңге жоспарланып, жоспарланған сомадан 234,2 млн.теңге немесе 93,3% орындалды;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 2061,9 млн. теңге жоспарланып, одан 2053,9 млн. теңге атқарылды, немесе 99,6%;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған 9400,9 млн. теңгеден 9168,7 млн. теңге орындалды немесе 97,5%;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған
843,5 млн. теңгеден 836,5 млн. теңге орындалды немесе 99,2%;
- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер 23,1 млн. теңге құрады немесе 89%;
- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған 133,6 млн. теңгеден 92,1% игеріліп, атқарылған сома 123 млн. теңге құрады;
- көлік және коммуникация саласына жоспарланған 4195 млн. теңгеден 4090 млн. теңге немесе 97,5% орындалды.
ДЕМОГРАФИЯ
Қала халқының саны 358179 адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 52% құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 0,5% өскені байқалады.
Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады.
Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.
Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады.
Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарымен және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.
ЕҢБЕК РЫНОГЫ
адам
ЕҢБЕК РЫНОГЫ
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 6240 адам өтініш жасаған, 51 пайызға былтырғы жылдан көбейді.
Тіркелген жұмыссыздар саны 3827 адамды құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 32% көп.
Есепті мерзімде 1218 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылға 105,9% құрап отыр.
Қоғамдық жұмыстарға – 310 адам тартылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 28% өсті.
Есепті мерзімде 1409 жаңа жұмыс орын ашылды(370%), соның ішінде тұрақты-975.
Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы қаңтар-мамыр айына 41085 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 8% өскені байқалады.
Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі