2023-2025 жылдарға арналған Деркөл кентінің бюджеті 2023-2025 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы негізінде қалыптастырылып, қалалық мәслихаттың 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 2-6 «Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 22-6 «2023-2025 жылдарға арналған Деркөл кентінің бюджеті туралы» шешімімен бекітілді.
Кесте 1
2023-2025 жылдарға арналған Деркөл кентінің бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
|
2023 |
2024 |
2025 |
|
Түсімдер |
401136,0 |
358785,0 |
370250,0 |
|
Кіріс, соның ішінде: |
347949,0 |
358785,0 |
370250,0 |
|
Салықтық түсімдер |
34651,0 |
36173,0 |
37438 |
|
Салықтық емес түсімдер |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
7651 |
7960 |
8200 |
|
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер |
0 |
0 |
0 |
|
Трансферттер түсімі |
358834,0 |
314652,0 |
324612 |
|
Қарыздардың түсімі |
0 |
0 |
0 |
|
Шығыстар |
401136,0 |
358785,0 |
370250,0 |
|
Тапшылық |
0 |
0 |
0 |
Түсімдер
2023-2025 жылдарға арналған Деркөл кентінің бюджетіне жеке кірістер түсімі болжамының есебі қолданыстағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және ҚР ЭДжСМ әзірленген және бекітілген әдістеме бойынша, өткен жыл ішіндегі түсімдердің серпіні есепке алынып жүргізілді.
2023 жылға арналған Деркөл кентінің бюджетінің жеке кірістері (салық, салықтық емес және трансферттер түсімдері) 401136,0мың теңге сомада бекітілген.
ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ТҮСІМІ
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес кіріс көздеріне трансферттер кіреді.
2023 жылға жоғары тұрған бюджеттен 358834,0мың теңге соммасында нысаналы трансферттер қаралған.
Осылайша, алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштер төмендегідей мөлшерде анықталады:
2023 жыл – 358834,0мың теңге; 2024 жыл – 314652,0мың. теңге; 2025 жыл – 324612,0 мың теңге.
ШЫҒЫНДАР
2023-2025 жылдарға арналған Деркөл кентінің бюджетінің шығыстары Елбасының Қазақстан халқына жолдауларынан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталды.
Кесте 2
Деркөл кенті бюджетінің салалар бойынша шығыстары
(бюджет структурасы бойынша)
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына Деркөл кентінің бюджетінде 2023 жылға – 319346,0 мың теңге көзделген, (2024 жылға – 274555 мың теңге, 2025 жылға – 284165,0 мың теңге).
Кесте 3
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығыстар
мың теңге
|
Атаулары |
2023 |
2024 |
2025 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер |
- |
- |
- |
| Мемлекеттік органның күрделі шығыстары |
- |
- |
- |
|
Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру |
- |
- |
- |
|
Коммуналдық шаруашылықты дамыту |
- |
- |
- |
|
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту |
- |
- |
- |
|
Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету |
216166 |
209111 |
216430 |
|
Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру |
44780 |
46795 |
48433 |
|
Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру |
58400 |
18649 |
19302 |
|
Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу |
- |
- |
- |
Мәдениет,спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласындағы шығыстардың негізгі бағыттары 2023 жылға 3779,0 мың теңге сомасында (2024 жылға – 0,0 мың теңге, 2025 жылға – 0,0 мың теңге):
Көлік және коммуникация
Көлік және коммуникация саласындағы шығыстардың негізгі бағыттары 2023 жылға 26488,0 мың теңге сомасында (2024жылға – 27575,0 мың теңге, 2025 жылға – 28539,0 мың теңге):
Кесте 4
Көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету
мың теңге
|
Атаулары |
2023 |
2024 |
2025 |
|
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
26488,0 |
27575 |
28539,00 |
|
Көлік инфрақұрылымын дамыту |
- |
- |
- |
|
Ауылдық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекеннің көшелерін күрделі және орташа жөндеу |
- |
- |
- |
|
Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
- |
- |
- |
|
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары |
- |
- |
- |
|
Кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру |
- |
- |
- |
| Әлеуметтік мәні бар қалалық (ауылдық), қала маңы және ауданаралық байланыс арқылы жолаушыларды тасымалдауды субсидиялау |
- |
- |
- |
Деркөл кенті әкімі Ж.Жумагалиев