«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-сі бойынша Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 17 сәуірдегі №2-2 «Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №22-2 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес келесі бюджеттік бағдарламаларға қаражат нақтыланды:
453001000 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша барлығы 74227,0 мың теңге бекітілді.
Соның ішінде:
453001015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша аппаратты ағымдағы ұстау шығындарына келесідей қаралды, 74227,0 мың теңге:
Бұл бюджеттік бағдарлама арқылы экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстар қамтылады. Аталған бағдарламада «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің штат саны 10 бірлік қызметкерді (бөлім басшысы – 1 бірлік, басшы орынбасары – 1 бірлік; бас маман-есепші – 1 бірлік, сектор меңгерушісі – 1 бірлік, бас мамандар – 6 бірлік) және 2,5 техникалық қызмет көрсетуші қыметкерді (1 бірлік –хатшы, 1 бірлік- жүргізуші, 0,5 бірлік іс жүргізуші) ұстау, аппараттың ағымдағы шығындары, 1 бірлік қызметтік автокөлікті ұстау, байланыс қызметіне ақы төлеу, телефон байланысы, интернет желісіне қосылу қызметтері, жанар-жағар май материалдарын, қосалқы бөлшіктерді сатып алу, автокөлікті міндетті сақтандыру жарналары, компьютерлік және ұйымдастыру техникасын ұстау, ақпараттық жүйені қолдау және техникалық қолдау қызметтері, кеңсе тауарларын сатып алу, мерзімді басылымдарды сатып алу, «Парус - ҚАЗ.Бюджет» (Бюджеттік өтінім, Бюджеттік қаржыландыру) бағдарламалық өнімдерге қызмет көрсету шығындары, мемлекеттік әкімшілік қызмешілердің қызметін бағалау нәтижесі бойынша бонус төлеу, ел ішіндегі іссапар шығындары жоспарланған.
|
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы кезең |
||
|
2023 |
2024 |
2025 |
||
|
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен |
мың теңге |
74227,0 |
80376,0 |
81357,0 |
|
Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар |
мың теңге |
74227,0 |
80376,0 |
81357,0 |
453061000 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау» бағдарламасы бойынша қаржылық-экономикалық негіздемелерге 8 бірлік экономикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметтерді сатып алуға 11928,0 мың теңге қаралды:
|
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы кезең |
||
|
2023 |
2024 |
2025 |
||
|
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен |
мың теңге |
11928,0 |
0 |
0 |
|
Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар |
мың теңге |
11928,0 |
0 |
0 |