Орал қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

2023 жылы 18 сәуір күні әкімдіктің кіші залында Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы Нұржановтың төрағалығымен әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында кәмелеттік жасқа толмаған балалардың себепсіз сабаққа бармау туралы және өз ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаған фактісі бойынша істер  қаралды.

Сонымен қатар «Балалар жарақаттануының алдын алу: проблеманың тәжірибесі және оны шешу жолдары» және «Жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» тақырыбтар бойынша баяндамалар тындалды.

         Жиналыста әрбір жеке іс бойынша жалпы дауыс беру арқылы жүзеге асыру жөнінде қаулылар қабылданды және тақырыптық сұрақтар бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.

Дата публикации
19 апреля 2023