Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экология кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өндірістік және басқа да объектілерді салуға және одан әрі пайдалануға байланысты, қоршаған ортаға араласудың басқа түрлерімен, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялармен байланысты жоспарланған қызметі, сондай-ақ осындай өзгерістерге қызметі қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады.
Осыған байланысты, Кодекстің 68 бабының 5 тармағы 2 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 337 бұйрығына 2-қосымшаның 6 тармағына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті (әрі қарай – Департамент) «West group» ЖШС-нің белгіленіп отырған қызметі туралы 2023 жылғы 15 ақпандағы №KZ49RYS00353345 өтінішін қарау үшін жолдайды.
Көзделіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары Департаменттің келесі пошталық және электрондық мекенжайлары арқылы жүзеге асырылады: 090000, Орал қаласы, Л. Толстой көшесі, 59; zko-ecodep@ecogeo.gov.kz , zko_oos@mail.kz .