ҮМІТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Саясипартиядан, қоғамдықбірлестіктен, олардыңқұрылымдықбөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен)кандидат ұсынғанкезде

1) тиістісайлауокругібойынша кандидат ұсынужөніндегісаясипартияның, қоғамдықбірлестіктің, олардыңқұрылымдықбөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғарыбасшыорганыныңхаттамасынанүзіндікөшірмелер

- құрылымдықбөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің)ұсынуқұқығынрастайтынжарғыданүзіндікөшірмелер,

- ҚазақстанРеспубликасыӘділетминистрлігіндесаясипартияны, қоғамдықбірлестіктітіркеутуралықұжаттыңкөшірмелері,

- аумақтықәділеторгандарындақұрылымдықбөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) есептіктіркеу;

2) азаматтыңөзіұсынғансаясипартиядан, қоғамдықбірлестіктен осы сайлауокругібойыншадепутаттыққа кандидат болуғакелісімітуралыөтініші;

3) кандидат туралыөмірбаяндықдеректер;

Өтініш пен өмірбаяндықдеректернысаныОрталықсайлаукомиссиясыныңқаулысыменбекітілген.

 

Тіркелу үшін Сіз де ұсынуыңыз керек:

4) кандидат пен оныңжұбайының (зайыбының) 2023 жылғы 1 қаңтардағыжағдайбойыншаактивтері мен міндеттемелерітуралыдекларациялардытапсырғанытуралыМемлекеттіккірісорганыныңанықтамасы;

5) кандидаттыңсайлаужарнасыненгізгенінрастайтынқұжат.

 

Мәслихат депутаттығына әрбір кандидат бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелгенге дейін және оған Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына белгіленген ең төменгі жалақының 5-ші мөлшерінде (350 000 теңге, 5 ЕТЖ = 70 000*5) сайлау жарнасын енгізеді Қазақстан Республикасының заңнамасымен. Егерсайлауқорытындыларыбойынша кандидат депутат болыпсайланғаннемеседауыс беру қорытындыларыбойынша кандидат дауысберугеқатысқансайлаушылардыңкемінде бес пайызын, сондай-ақ кандидат қайтысболғанжағдайдаенгізілгенжарнакандидатқақайтарылады. Барлықбасқажағдайлардаенгізілгенжарнақайтаруғажатпайдыжәнереспубликалықбюджеттіңкірісінеайналдырылады.

 

 

Кандидаттың өзін-өзі ұсынуы кезінде

1) азаматтың осы сайлау округі бойынша кандидат болып сайлануға ниеті туралы өтініші;

2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

Өтініш пен өмірбаяндық деректер нысаны Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген.

Тіркелу үшін Сіз де ұсынуыңыз керек:

3) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғаны туралы Мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

 

Мәслихат депутаттығына әрбір кандидат бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелгенге дейін және оған Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына белгіленген ең төменгі жалақының 5-ші мөлшерінде (350 000 теңге, 5 ЕТЖ = 70 000*5) сайлау жарнасын енгізеді Қазақстан Республикасының заңнамасымен. Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат депутат болып сайланған немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде бес пайызын, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Барлық басқа жағдайларда енгізілген жарна қайтаруға жатпайды және республикалық бюджеттің кірісіне айналдырылады.

 

 

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың өзін-өзі ұсынуын азаматтар тиісті округтік сайлау комиссиясына осы бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып сайлануға ниет білдіру туралы өтініш беру жолымен жүргізеді.

 

Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) кандидатты ұсынуы тиісті округтік сайлау комиссиясына жоғары басшы органның хаттамасынан үзінді көшірмені, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені азаматтың ұсынуға келісімі туралы өтінішімен бірге жіберу жолымен жүргізіледі.

 

Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) осы қоғамдық бірлестікке мүше болып табылмайтын адамдарды кандидаттар етіп ұсынуға құқылы.

Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік және оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) әрбір сайлау округінде депутаттыққа бір ғана кандидат ұсына алады.

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы шешім қоғамдық бірлестіктің жоғары басшы органы, оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.

Қоғамдық бірлестіктің жоғары басшы органының, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің)шешімі:

1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;

2) кандидаттың сайлауға түсуге келісімі туралы өтінішімен және құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмемен бірге тиісті округтік сайлау комиссиясына жіберіледі.

Егер ұсыну мерзімі аяқталған күні бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттыққа екіден аз кандидат ұсынылса, онда тиісті округтік сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

Тіркеуге мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген саны жіберіледі.

Дата публикации
05 февраля 2023