«Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-нің 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджет

«Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-нің

 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бойынша азаматтық бюджет

      Орал  қаласының  азаматтық  хал  актілерін  тіркеу бөлімі 2023-2025 жылдарға 1 бюджеттік бағдарламаны іске асыру жоспарланды.

Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №22-2 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» мәслихаттың шешімімен бекітілген. Бюджеттің жалпы шығысы 51359,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде бағдарламалар, кіші бағдарламалар бойынша:

«Жергілікті деңгейде азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001 Бюджеттік бағдарлама жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына қол жеткізу үшін жергілікті деңгейде азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстарды қамтиды. «Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функцияларына азаматтық хал актілерін тіркеу саласында 8 түрі мемлекеттік қызмет көрсету:

  • Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
  • Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
  • Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
  • Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
  • Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
  • Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
  • Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
  • Азаматтық хал актілері жазбаларын жою.

            015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша:Қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметін қамтамасыз ету, 4 бірлік аппарат қызметкерлерін, 20 штатан тыс қызметкерлерді ұстау, байланыс қызметіне ақы төлеу, интернет желісіне қосылу қызметтері,пошта шығындары, коммуналдық қызметтерді төлеу, қызметтік автокөлікті ұстау, автокөлікті жүргізу үшін жанар-жағар май материалдарын, қосалқы бөлшіктерді сатып алу, автокөлікті міндетті сақтандыру жарналары, компьютерлік және ұйымдастыру техникасын ұстау, мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілікті арттыру семинарына қатысу қызметтері, мұрағаттық құжаттарды түгендеу және мұрағаттық құжаттарды жою қызметтері, кеңсе заттарды сатып алу, «Парус-КАЗ.Бюджет»  бағдарламалық өніміне қызмет көрсету (Бюджеттік қаржыландыру), (Бюджеттік өтінім) – 51359,0 мың теңге.

мың теңге

Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезең

2023

2024

2025

015 «Жергілікті  бюджет қаражаты есебінен»

мың теңге

51 359,0

51 693,0

51 964,0

Жалпы бюджеттік кіші бағдарламалар бойынша шығыстар

мың теңге

51 359,0

51 693,0

51 964,0

 

 

 

Дата публикации
18 января 2023