2022 жылы 24 қараша күні әкімдіктің үлкен залында Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы Нұржановтың төрағалығымен әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында Орал қаласы ІІБ ЖПҚб КТІжбөлімінің аға инспекторы, Э.А.Аманғали «Орал қаласындағы медициналық-әлеуметтік есеп форматындағы жұмыс тәжірибесі мен болашағы» туралы және Орал қаласы бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі М.З.Қараева «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша тәжірибесі мен болашағы» туралыбаяндамалар жасады.
Комиссия кәмелетке толмаған балалардың жеке істерін де қарады кәмелетке толмағандароқудан жалтарған,балаларын тәрбиелеу және асырау жөніндегі өз міндеттерін адалдықпен орындамаған ата-аналар туралы және оқушының облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан рұқсатсыз кету фактісі бойынша.
Жиналыста әрбір жеке іс бойынша жалпы дауыс беру арқылы қаулылар қабылданды, жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берілді.