«Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бойынша ақпарат

«Орал қаласы жер қатынастары бөлімі»  ММ-сі  бойынша Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18шілдедегі №17-2 «2021 жылғы 28 желтоқсандағы №11-2 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімімен келесі бюджеттік  бағдарламалар нақтыланды:

463001000 «Аудан (областық манызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша барлығы 44222,0мың теңге қаралды.

Соның ішінде:

463001011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеру шығындары, 501,0 мың теңгебөлімдегі 7 техникалық қызметкердің жалақысын көтеру шығындарына қаралды;

463001015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша аппаратты ағымдағы ұстау шығындарына келесідей қаралды,31421,0 мың теңге:

Бұл бюджеттік бағдарлама арқылы қала аумағындағы жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстар қамтылады. Аталған бағдарламада «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі»  ММ-нің штат саны 7 бірлік қызметкерді (бөлім басшысы – 1 бірлік, басшы орынбасары – 1 бірлік; бас мамандар – 5 бірлік) және 7 техникалық қызмет көрсетуші қыметкерді  ұстау, аппараттың ағымдағы шығындары, 1 бірлік қызметтік автокөлікті ұстау, байланыс қызметіне ақы төлеу, телефон байланысы, интернет желісіне қосылу қызметтері, жанар-жағар май материалдарын, қосалқы бөлшіктерді сатып алу, автокөлікті міндетті сақтандыру жарналары, компьютерлік және ұйымдастыру техникасын ұстау, ақпараттық жүйені қолдау және техникалық қолдау қызметтері, кеңсе тауарларын сатып алу, мерзімді басылымдарды сатып алу, «Парус - ҚАЗ.Бюджет» (Бюджеттік өтінім, Бюджеттік қаржыландыру) бағдарламалық өнімдерге қызмет көрсету шығындары жоспарланған.

463001028 «Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №451дсп Қаулысы негізінде бөлімдегі әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша факторлы- балдық шәкіл негізінде еңбек ақы төлеу шығындарынабарлығы 11796,0 мың теңге қаралды.

463001055 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен»кіші бағдарламасы бойынша, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеру шығындары, 504,0 мың теңге бөлімдегі 7 техникалық қызметкердің жалақысын көтеру шығындарына қаралды;

 

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезең

2022

2023

2024

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

мың теңге

501,0

0

0

Жергілікті  бюджет қаражаты есебінен

мың теңге

31421,0

49343,0

50373,0

Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

мың теңге

11796,0

0

0

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен

мың теңге

504,0

0

0

Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге

44222,0

49343,0

50373,0

 

 

Дата публикации
11 ноября 2022