«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бойынша ақпарат

«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  ММ-сі  бойынша Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі №13-2 «2021 жылғы 28 желтоқсандағы №11-2 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімімен келесі бюджеттік  бағдарламалар нақтыланды:

453001000 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша барлығы 68456,0 мың теңге нақтыланды.

Соның ішінде:

453001011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеру шығындары, 360,0 мың теңге;

453001015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша аппаратты ағымдағы ұстау шығындарына келесідей қаралды, 42463,0 мың теңге:

Бұл бюджеттік бағдарлама арқылы экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстар қамтылады. Аталған бағдарламада «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  ММ-нің штат саны 10 бірлік қызметкерді (бөлім басшысы – 1 бірлік, басшы орынбасары – 1 бірлік; бас маман-есепші – 1 бірлік, сектор меңгерушісі – 1 бірлік, бас мамандар – 6 бірлік) және 2 техникалық қызмет көрсетуші қыметкерді (1 бірлік –хатшы, 1 бірлік- жүргізуші) ұстау, аппараттың ағымдағы шығындары, 1 бірлік қызметтік автокөлікті ұстау, байланыс қызметіне ақы төлеу, телефон байланысы, интернет желісіне қосылу қызметтері, жанар-жағар май материалдарын, қосалқы бөлшіктерді сатып алу, автокөлікті міндетті сақтандыру жарналары, компьютерлік және ұйымдастыру техникасын ұстау, ақпараттық жүйені қолдау және техникалық қолдау қызметтері, кеңсе тауарларын сатып алу, мерзімді басылымдарды сатып алу, «Парус - ҚАЗ.Бюджет» (Бюджеттік өтінім, Бюджеттік қаржыландыру) бағдарламалық өнімдерге қызмет көрсету шығындары жоспарланған. Сонымен қатар мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында компьютерлерге Microsoft Windows 10 және «Microsoft Office 2019» операциялық жүйесі бағдарламалық өнімдерді сатып алуға қаражат қаралды.

453001028 «Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №451дсп Қаулысы негізінде бөлімдегі әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша факторлы- балдық шәкіл негізінде еңбек ақы төлеу шығындарына барлығы 25 633,0 мың теңге қаралды:

 

 

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезең

2022

2023

2024

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

мың теңге

360,0

0

0

Жергілікті  бюджет қаражаты есебінен

мың теңге

42463,0

37299,0

37705,0

Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

мың теңге

25633,0

0

0

Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге

68456,0

37299,0

37705,0

 

           453061000  «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау» бағдарламасы бойынша Тұрғын үй қарыздарын беру үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на кредит беру бюджеттік бағдарламасының қаржылық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметтерді сатып алуға 1491,0 мың теңге қаралды:   

 

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезең

2022

2023

2024

Жергілікті  бюджет қаражаты есебінен

мың теңге

1491,0

0

0

Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге

1491,0

0

0

 

Дата публикации
10 ноября 2022