«Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің

НӘТИЖЕСІ

 

    Орал қаласы                                                                      2022 жылғы 1 тамыз

 

І. Кіріспе

 

  1. 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

«Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  қызметі.

 

  1. 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді: Орал қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі, Н.Назарбаев даңғылы 182/1 ғимарат, топтың құрамы: Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Асылбек Айбекұлы Отеуов (еңбек демалысында), Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру секторының меңгерушісі Махамбет Берікұлы Баяхатов, Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маман-есепшісі Айгул Тлеубайқызы Пангереева 
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі – басталды: 2022 жылдың 29 шілде, аяқталды 2022 жылдың 1 тамыз.
  3. Бақыланатын кезең: 2021-2022 жыл қызметі.

«Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру секторы» Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

  1. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
  2. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен  қала  әкімдігі бекітеді.

Бөлім 5 бірліктен тұрады.

  1. Сектор меңгерушісі - 1 адам
  2. бас маман –4 адам.

Ережеге сай бөлім міндеттеріне:

1) функцияларды орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;

2) сыбайлас жемқорлықпен күрестің үдерістерін сақтауды қамтамасыз ету;

3) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңдылықтармен белгіленген тәртіппен және мерзімдерінде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыру;

5) тапсырыс беруші электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарастыру;

6) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеу және бекіту;

7) конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

8) конкурстық және аукциондық комиссия құрамын анықтау және бекіту, сонымен қатар қала әкімінің төрағалығымен комиссия құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;

9) заңнамада белгіленген тәртіппен сараптама комиссиясын құру немесе сарапшыны тағайындау;

10) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;

11) конкурстық құжаттама мен аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру;

  • мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді тапсырыс берушіге жіберу;
  • мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын заңнамаға сәйкес анықтау;
  • заңнамада көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілдерімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджет есебіне енгізу немесе оны әлеуетті өнім берушіге қайтару;
  • «Орал қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің статистикалық және бір мезгілдегі есептерін құрау бойынша жұмыстарын орындау;
  • іс жүргізуді ұйымдастыру, кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу, азаматтарды қабылдауды қамтамасыз ету;
  • электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді дамыту;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
  • нормативтік-құқықтық актілерді дайындау, сонымен қатар жұмыс үдерісі мен әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу;
  • мемлекеттік сатып алу саласында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтудың көлемдері туралы ақпаратты ескере отырып есеп-қисапты жинауды, қорытуды және талдауды жүзеге асыру.

 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру секторының меңгерушісі– Махамбет Берікұлы Баяхатов.

Бөлімде штат кестесіне сәйкес 6 мемлекеттік қызметші бар.

Бөлім қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетпейді және халықпен тікелей жұмыс атқармайды.

Бөлімде сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ;

Мемлекеттік қызметшілердің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.

 

Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №686 қаулысымен Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі құрылды.

Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер саласында немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды өткізу және ұйымдастыру функцияларын іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Құрылымдық бөлімше өз қызметі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік сатып алу туралы  Заңына, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, «Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне, бөлім басшысының бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырады.

Бөлім қала аумағындағы өтетін мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып белгіленді (қала әкімдігіне қарасты – 34 мекеме).

2021 жылы тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша жалпы сомасы     4 558 млн. теңгеге 130 Мемлекеттік сатып алу өткізілді.

Оның ішінде:

1) Аукцион тәсілімен – 21; 523 млн. теңге сомасына.

2) Ашық конкурс – 107; 4 011 млн. теңге сомасына.

3) Тұрғын үй сатып алу тәсілімен – 2; 24 млн. теңге сомасына.

 

2022 жылдың 7 айында тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша жалпы сомасы 5 030 млн.теңгеге 134 Мемлекеттік сатып алу өткізілді.

Оның ішінде:

1) Аукцион тәсілімен – 35; 789 млн. теңге сомасына.

2) Ашық конкурс – 96; 3 929 млн. теңге сомасына.

3) Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс – 3; 312 млн. теңге сомасына.

Аталған бағыттағы шаралар жыл соңына дейін жалғастырылады.

 

III. Қорытынды.

Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімінің 2022 жылғы 2021-2022жж. қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бөлімнің қызмет алушы арасындағы тікелей байланыстың жоқ болуы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Сектор өз  жұмыстарын жоспарға сай жалғастырсын.

Барлық жариялауға жататын шараларды БАҚ жарықтандыруын жалғастырсын.

Бөлімді  тексеру аясында қызметінде анықталған кемшіліктерді уақытында орындасын.

 

 

Келісілді:

          Орал қаласының ішкі саясат

          бөлімінің басшысынің міндетін атқарушы                     М.Баяхатов

 

                                                

                                                                    

 

Орал қаласының мемлекеттік сатып алу

бөлімінің бас маман-есепшісі                                            А.Пангереева 

 

Дата публикации
04 августа 2022