«Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» ММ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің НӘТИЖЕСІ

 

«Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» ММ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің

НӘТИЖЕСІ

 

Круглоозерный кенті                                                             2022 жылғы 27 маусым

 

І. Кіріспе

 

  1. 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімі аппаратының  қызметі.

 

  1. 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді: «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Серпер көшесі, 7/5 үй, топтың құрамы: Кент әкімінің орынбасары Сумкина Татьяна Анатольевна, Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы М.Х. Сахасов, Абаттандыру бөлімінің басшысы А.Жумагалиев, Әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы Г.Н.Хасенова, Әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы Ж.А.Имангалиева.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі – басталды: 2022 жылдың 20 маусымында басталып 2022 жылдың 24 маусымында аяқталды.
  3. Бақыланатын кезең: 2022 жылғы 6 ай қызметі.

 

ІІ.  Ақпараттық талдамалық бөлім.

Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты өзінің қызметін  «Орал қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерді құру туралы» 2004  жылғы 30 желтоқсандағы №1767 қаулысы негізінде атқарады. Мекеменің міндеті: Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары бөлімі.

Бөлімнің басты міндеті: Кент әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Негізгі функциялары:

  • Ұйымдастыру жұмыстары мәселерi жөнiндегi түскен ақпараттарды жинау және өңдеудi жүзеге асыру;
  • Округ әкiмi қатысатын iрi iс-шараларды ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
  • Қабылдау, тіркеу, есепке алу, жүйелендіру, құжаттарды сақтау және құжаттарды уақытылы орындауға бақылау жасау;
  • Кадр бойынша белгіленген құжаттарды рәсімдеу;
  • Бос лауазымды орналастыру, мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу;
  • Кент әкімінің халыққа есеп беру кездесулерін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Круглоозерный кент әкімі аппаратында штат саны – 8, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 8, бос жұмыс орны – 0. Барлық мемлекеттік қызметшілер лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

Орал қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы №81қаулысымен кент әкімі аппаратының құрылымына өзгеріс енгізіліп, әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы А.Кадырбеков абаттандыру бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.

Тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

2022 жылдың 6 айында  – 9 өтініш келіп түсіп, олар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік Кодексіне сәйкес уақытылы қаралып жауап берілді. Талдау барысында кенттік округ әкімі аппаратында өтініштерді қарау бойынша заң бұзушылықтар жоқ екені анықталды.

Бөлімде сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ;

Мемлекеттік қызметшілердің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.

Талданып жатырған уақыт ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты мекеменің қызметкерлері туралы  мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілмеді.

Мекеме бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 1 дөңгелек үстел өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түрлі суреттер мен бейнероликтер интернет парақшада үнемі жарияланып отырады. Қызметшілер семинарлар, оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау үшін іс-сапарларға барған кезде Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мен тәртібі туралы жадынамаларымен таныстырылған.

Абаттандыру бөлімі.

Бөлім округ аумағын санитарлық таза болуын және абаттандырылуын бақылау  «Батыс Қазақстан облысының елді мекен аумағын абаттандыру ережесіне» сәйкес жүргізеді.

Бөлім қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

Бөлімде сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ.

 

III. Қорытынды.

 

Мемлекеттік қызметшілердің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.

  «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережелеріне сәйкес жұмыс жүргізілсін.

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін түсіндіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің

тобының мүшелері:

 

Кент әкімінің орынбасары:                                        Т.Сумкина

 

 

          Әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары

бөлімінің басшысы                                                    М.Сахасов

 

         Абаттандыру бөлімінің басшысы                               А.Жумагалиев

 

 

Әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары

бөлімінің бас маманы                                                         Ж.Имангалиева

 

 

Әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары

бөлімінің бас маманы                                                         Г.Хасенова

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 июля 2022